18 қазан – Рухани келісім күні
Қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақыныңа қайырымдылық және көмек көрсету күні, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен еді. Осы конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақыныңа қайырымдылық және көмек көрсету күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған еді.
Қазіргі таңда осы игі бастама еліміздің барлық аймағында қолдау тауып, түрлі іс – шаралар өткізілуде.
Республикамызда 18 діни конфессия және 130-ға жуық этнос өкілдері өмір сүреді. Сондай-ақ 3541 мешіт, шіркеу және өзге де ғибадатханалар мен 3720 діни бірлестік жұмыс істейді.