Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Головкиннің промоутері Эдди Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына Oinet.kz сайты сілтеме беріп.
Сондай-ақ жекпе-жек өтуі мүмкін елдердің қатарында АҚШ бар, бұған дейін боксшылар Чикагода жұдырықтасады деп хабарланған. Кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Шеремета - IBF титулының міндетті үміткері. IBF мен IBО белбеулерін Головкин 5 қазанда жеңіп алған болатын. Сол жекпе-жекте украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 37 жастағы Головкин карьерасында АҚШ, Германия, Дания, Панама, Украина, Монако, Ұлыбритания және Қазақстанда жұдырықтасқан.