Адамдар «піл» секілді

Oinet.kz 08-10-2019 1453

Screenshot_19.jpg

Күндердің күнінде Ясин есімді жігіт хайуанаттар әлемін аралап жүреді. Кенет алпауыт пілдерді тамашалауға тоқтайды.

 Біршама ойланып:

 -  Мына үлкен жаратылыс иесі мойнындағы кішкентай ғана жіппен байланып тұр. Бұл егер қашамын десе, мына жіпті үзіп те кетеді емес пе? Бірақ, оның да бір себебі бар шығар? - деп ойға шомады. Сол уақытта пілді тамақтандыру үшін хайуанатты баптаушы келеді. 

Ясин одан: 

- Мына пілдер неге жіңішке жіпті үзіп қашып кете алмай тұр, -  деп сұрайды. 

Сонда ол:

 -  Біз бұл пілдерді мұндай жіптен қашпас үшін кішкентайынан үйретеміз. Пілдерді кішкентай кезінде осындай жіпке байлап бағатын болсаң, олар өскенде де сол жіпке таңылып, қаша алмайтындарына сенеді. Осындай сенімнің арқасында оларды жіппен байлап қою жеткілікті, - дейді. 

дереккөз: kazislam.kz

Байдың өлерінің алдында айтқан өсиеті
Жар қылып алар қызды қалай таңдау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу