Шынайы ләззат
Бір студент пен профессор саябақта серуендеп келе жатады. Егістік жақтан өтіп бара жатқан кезде өте ескі аяқ-киім мен шапанды байқады. Айналаға көз жүгіртіп қараса, жұмыс істеп жатқан бір кедейден басқа ешкім жоқ екен. Студент жас әзіл үшін әлгі кедейдің аяқ киімі мен шапанын тығып қойып, оның әрекетін бақыламақ болады. Бұны байқап тұрған ұстазы шәкіртіне: «Сен шынымен де мұны көргеннен бір ләззат алғың келе ме?! Олай болса әр аяқ-киімге бір-бір тиыннан салып көр...», - дейді.
Шәкірт ұстазының айтқанын орындайды да, профессормен бірге ағаш арасына тығылып қалады. Бақшадағы жұмысын аяқтап, әбден шаршаған кедей өз заттарын жинастырып, аяқ киімін киіп жатқанда, бір нәрсенің кедергі жасап тұрғанын сезінеді. Аяқ-киімін шешіп, тиындарды көреді. Дәл солай екінші аяқ киімін ашып қарағанда тағы да ұсақ тиын-тебен тауып алады. Мұндайды күтпеген кедей бірден жан-жаққа көз жүгіртеді. Бірақ айналасынан ешкімді байқамайды. Сол сәттегі кедейдің қуанышы шексіз еді. Ол тізесіне отырып, қолын жайып, Алла тағалаға оның қиын өмірлік кезінде жәрдем еткендігі үшін шексіз алғысын білдіре бастайды. Себебі кедейдің әйелі қатты науқас еді.
Жігіттің көзіне жас алғанын көрген ұстазы оған қуана қарап: «Енді ләззат алдың ба?», - деп сұрайды. Сол сәт «Бұл – сіз маған берген ең мәнді сабақ» деп шәкірті ұстазына жауап береді.