Ербол Бейілхан. «Дін, діл, рух, шежіре, сөз аралас»
Дін, діл, рух, шежіре, сөз аралас,
Бес діңгексіз адам аш.
Сөз сөйлейсің түрлендіріп әй, пендем,
ісің неге жалаңаш!?
Обал, сауап, иман, ұят төртеуі,
Қазақтықтың өлшемі.
Ұлытаудай биік ойлар еңселі,
жақсы көрем мен сені!
Бес діңгекті, төрт қасиет толтырып,
Тұма-тұма ой тұнып.
Пенде болмай - адам болып қалсақ қой,
Іштегі итті өлтіріп...