Дүйсенәлі Әлімақын. «Саған деген сезімді сетінетпей»

Oinet.kz 19-09-2018 1273

Саған деген сезімді сетінетпей,

Заман деген теңізді кешіп өтпей.

Саған өлең жазып ем көз алайтты,

Екі беткей дүние-ай, екі беткей.


Үнсіз ғана тыңдап ем қаздардың әнін,

Үніңді естіп тұрғандай назданды жаным. 

Асау жүректің лүпілін жырмен тербетіп, 

Жалғыз құшақтап жүріппін арманның бәрін. 


Гүлге лықсыған гүлбақтың бұлбұлы едің , 

Арманы асқақ ақынның бір мұңы едің. 

Жеті түндерде қақсам ба қақпаңды сенің, 

Бақыт дейтін көшенің тұрғыны едің. 


Адамзат дейтін сеніп ем ақымақтарға, 

Ойымды шашып жіберді атыраптарға. 

Саған айтар сөзімді мезгілге айттым, 

Жүрек сөзімді кестелеп жапырақтарға.


Керуен боп барады бұлттар қайтып, 

Көкжиектің бетінде шықтар қалқып. 

Қанатымен қоңыр қаз хат жолдадым, 

Саған айтар сырымды құстарға айтып.

Дүйсенәлі Әлімақын. «Майраға»
Дүйсенәлі Әлімақын. «Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу