Дүйсенәлі Әлімақын. «Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің»

Oinet.kz 19-09-2018 884

1527657597_l.jpg

«Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің»,

Оған бола лайланбайды ай–көлім.

Көктен түскен аппақ қанат көгершін,

Қаққылап тұр көңілімнің әйнегін.


Қаққылай тұс, көңілімді көгершін,

Сен ғайыптан самғап үшып келерсің.

Күндеріне үнсіздікпен қол берген,

Бұл көңілге не дерсің?


Ақ көгершін, ән боп тусаң деп едім,

Үмітімді жалғастырсам деп едім.

Шалқұйырықтай шалдықпайтын арманды, 

Саған ұқсас самғаттырсам деп едім. 


Қайрат жеңіп, ашу кетсе деп едім, 

Мына өмірге асылды екше деп едім. 

Төрт жыл жазған өлеңімді жұрт сүйіп, 

Төрт мұхитқа атым жетсе деп едім.

Дүйсенәлі Әлімақын. «Саған деген сезімді сетінетпей»
Дүйсенәлі Әлімақын. «ҚАРАША ҚҰСТАР ҒАЗАЛЫ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу