Дүйсенәлі Әлімақын. «ҚАРАША ҚҰСТАР ҒАЗАЛЫ»

Oinet.kz 19-09-2018 1340

1527657597_l.jpg

Қоштасып қайтып барады ол,

Жүрегі көктем,жаны қыс.

Оны ертіп кетті қара жол,

Мені ертіп кетті сағыныш.


Сөзіме менің бүлініп,

Самарқау жаны жүдеген.

Оны ертіп кетті бір үміт,

Мені ертіп кетті бір өлең.


Сағыныш хатым сарғайды,

Жанымды біреу ұққан ба?

Сырымды айттым ол жайлы,

Қараша қайтқан құстарға.


Өртеді мұңы, өртеді,

Жыраққа тастап барлығын .

Мені ертіп кетті ертеңім,

Оны ертіп кетті тағдыры.

Дүйсенәлі Әлімақын. «Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің»
Дүйсенәлі Әлімақын. «Бұлттар көшіп бара жатыр...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу