Гүлнәр Салықбай. «Табылмаса, табылмасын керегім»

Oinet.kz 19-09-2018 921

image-03-03-17-05-37-800x480.jpg

Табылмаса, табылмасын керегім,

Қандай қызық жоғалғанды іздемек!

«Мен бəрі бір бақыттымын!» деп едім,

Құстар айтты: «Бақыттымыз бізде» деп...


Орындалмай қойсын мейлі ойдағым,

Отырайын өзіме өзім күлкім кеп.

Гүлдер тойлап алдыдағы тойларын,

Содан кейін өліп жатты біртіндеп.

Гүлнәр Салықбай. «КҮН»
Дулат Бабатайұлы. «Сөзім бар да, көзім жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу