Адам уақытын не ұрлап жатыр?

Oinet.kz 14-08-2019 1091

Screenshot_15.jpg

Көптеген ғалымдар қазақ ұлтын асықтайтын, жайбасар халық деп бағалап жатады. Шақырған жерге кешігіп баруды ұнататынымыз рас. Алайда, бүгінгі қазақ жастарында мүлдем уақыт жоқ екен. Байқайсыздар ма,  адамдар арасында ең көп айтылатын сөздің бірі – «уақытым жоқ». Танысымызды жолде кезіктіріп қалсақ та, автобус немесе саябақта болсын үйге келіп, қонақ болсаңшы десең «қолым тимей кетті, уақытым жоқ» дейді. Ия, шынымен де   ата-анаға, дос-жаранға хабарласып, жағдайын білуге, ауырғанның халін сұрауға, бауырларымызға жәрдем беруге, бала тәрбиесіне көңіл бөліп, бірге серуендеуге, кітап оқуға  уақытымыз жоқ. Есесіне телефон шұқылауға уақытымыз өте көп. Ұялы телефонды қарауға дастархан басында, автобуста, көшеде, үйде де уақыт жеткілікті. Шіркін,  WhatsApp-ай! Бар қызық, жаңалық соның ішінде. Адамдар әлеуметтік желілер нағыз ұрылар екенін біле ме? Адам санасын айнытатын өрмекшінің торындай болған әлеуметтік желілер адамдардың ең басты құндылығы – уақытын ұрлап жатыр. Егер де сол желідегі қызықтарды бір сағатқа ысырып қойып балаңыздың сабағына көмектессеңіз ол бүгін бес деген баға алып келер еді. Немесе екі сағатқа анаңыздың халін сұрауға қара шаңыраққа кіріп шықсаңыз, телефондағы білгіштердің сандырағын емес қарияның батасын алып қацтар едіңіз. 

Айгерім Қалдарханова, 

Түркістан қаласы  

Жақсылық жасауым ұры атандыра жаздады
Әрекетке - берекет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу