Атом бомбасы тасталған қалалар жайлы қандай жасырын дерек бар?

Oinet.kz 26-07-2019 2527

Atomic_bombing_of_Japan.jpg

Мектеп бағдарламасында Ғ. Мүсіреповтың «Жапон балладасын» оқығанда жүрегі дір етпеген адам жоқ шығар.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезі болатын (1945 жылдың 6 тамызы).  АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы әлемде алғаш рет атом бомбасын Жапонияның Хиросима қаласына тастайды. Жарылыс қаланың 90 пайызына әсер етеді. Нәтижесінде 80 000 адамды бірден мерт болады. Құрбандар тізімі мұнымен аяқталмайды. Радиоактивті сәулеленуден мыңдаған адам кейінде көз жұмады. Үш күннен кейін B-29 Нагасаки қаласына екінші атом бомбасын  лақтырады. Бір мезетте 40 000 адамды бірден мерт болады. Жапония императоры сол жылы 15 тамыз күні бомбалаудың әсерінен жапон халқының қырылуының алдын алу мақсатында Жапонияның соғыста қарсылықсыз тізе бүккенін жариялайды. Назарларыңызға осыған дейін Хиросима, Нагасаки қалалары жайлы «көлеңкеде қалған» ақпараттарды ұсынамыз.

243798331.jpg

Атом бомбасы Хиросимада қала тұрғындарының үштен екі бөлігін жойды. Нақты деректе 1942 жылы хиросималықтар 420 мың адам де тіркелген. Ядролық бомбаланудан кейін(1945 ж. 6 тамыз) 137 мың адам тірі қалды. Шенеуніктер мен әскерилердің барлығы қаза тапты. Оңтүстік Жапонияның №2 армия штабынының бүкіл әскерінің тырп етуге мұршасы келмеді. Қалада тірі қалған Коити Вада : «Қаладағы өрт иісі, достарымның қалай қаза тапқаны кешегідей есімде. Қаланың орталығында кішкентай балалардың мүрдесінің үйіндісі қараңдап көзге бірден түсетін...» деп еске алады.

Бұл деректердің несі жасырын деп ойлайсыз ба?

Жапония капитуляциясынан кейін американдықтар Хиросимадағы қаза тапқандарың санын барынша азайтып айтуға тырсты. 1946 жылдың ақпан айында жарияланған мәліметтерге сәйкес, жарылысқа дейін қалада 306545 адам болған. Оның 176987 жарылыстан зардап шеккен. Тек 92 133 адамқаза тапқан яки із-түссіз жоғал,ан. Аур жарақат алғандар саны- 9 428 , одан суыт 27 997 адам жеңіл жарақат алған . Алайда бұл тізімге жапон армиясының солдаттары мен офицерлері мен сәулеленуден  қайтыс болғандар енбеген. Сарапшылар қала тұрғындарының демографиялық өсімінің үлес салмағын қолдан азайтқан деп мәлімдейді. Себебі 1942 жылғы санақ бойынша Хиросимада 420 мың тұрғын болған.

 

Аман қалғандардың хәлі қалай?

Хиросима мен Нагасаки атом бомбалауынан кейін тірі қалған адамдарды жапондықтар "хибакуся" деп атайды. Оларға үкімет қосымша жәрдемақы, медициналық жәрем жағынан түрлі жеңілдіктер қарастырған. Бірақ жапон қоғамы «хибакусялардан» тіпті олардың перзентінен іргесін аулақ ұстайды.  Себебі сәулеленуге ұшыраған хибокусялардан радияция әлі күнге дейін бөлінеді деген қате тұжырым қоғамдық ой боп қалыптсқан. Сондай-ақ, хибокусялардан дені сау ұрпақ тумайды деп қорқады. ДНК-да сәулелену мәліметі сақталады деп сенетіндіктен жапондықтардың хибокусяларға әзірге қатынасы өзгеруі екіталай.

Sadako-Sasaki-7.jpg

Атом бомбасынан қаза тапқандардың рухына бағыштап «ақ тырна» оригамиін жасау үрдіс алған. Ол үрдістің шығуы Садако Сасаки есімімен байланысты. «Ақ тырна» - қасірет пен қайғының символы. Садако 1942 жылдың 6 тамызында небәрі 2 жаста еді. Үйі толығымен қирандыға айналса да қыздың денесіне зақым келмейді. Алайда, нәресте мен анасы радиоактивті жауын астында қалы қояды. Соның салдарынан Садако Саси сол кезде белең алған «лейкамия» (радиациядан ардап шеккендердің басым бөлігіне қойылған, атом ауруы деп те аталған)  диагнозын қойған. Жапонның көне ертегісінде мың қағаздан құс оригами бейнесін жасаса, тілегі орындалады деген сенім бар. Садакода мың оригами жасауға тырысады. Алайда, құстардың саны 644ке жеткенде 11 жсар қыз қаза табады. Бірақ қыздың достары құстардың санын мыңға жеткізіп мәйітпен бірге жерлейді. Жапонияда 1959 жылы Садакоқа ескерткіш орнатып астына былай жазылады: « Бұл біздің жан айқайымыз, біздің әлемдегі мінәжатымыз» деген жазу бар. Садаконың ескерткіші бүгінде әлемнің көптеген елінде бар, тіпті АҚШ-та да.

 ox95Thp0DGg.jpg

Джо О’Доннелл деген америкалық жауынгер көз алдарыңыздағы суретті сол бір қасіретті жағдайдан соң (көп ұзамай) түсірген екен. Қаза тапқан кіші інісін арқасына байлап криматорийдің алдында кезекте  тұрған жапондық бүлдіршін бейнеленген. Өздеріңіз байқағандай баланың көзінде бір тамшы жас жоқ. Тек ернін ұстамдылықпен тістей беріп қанталатып жіберген. Бұл жапонның қайсар бір баласының емес, күллі ұлттың характерін уысына толтырған сурет. Ешқандай жазықсыз жапа шеккен жандардың жауыздыққа жауабы- иілмей, қасқайып қарсы тұру екенінің айғағы. 


Көрнекі суреттер ашық дереккөзден алынды.


Танымал тележүргізуші қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткенді жақтады
Бұл өмірде не маңызды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу