Танымал тележүргізуші қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткенді жақтады

Oinet.kz 26-07-2019 10786

Screenshot_2.jpg

Күні кеше әлеуметтік желілерде қара нәсілді азаматқа ұзатылып жатқан бойжеткеннің видеосы тарап кеткен болатын. Елімізге танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елді шулатқан екі жастың тойына қатысты Telegram парақшасында пікір білдірді.

Сұлтанқызы пікір білдірушілерге сол адамның орнына өзін қойып барып, жазба қалдыруға кеңес берген.

"Бәрі қара нәсілді жігітке тиген қызды жерден алып, жерге салып, ит терісін басына қаптап жатыр. Енді өздеріңіз елестетіп көріңіздер, сіздің де жар дегенде жалғыз қызыңыз бар. Өсті, өнді. Өте жақсы тәрбие беріп, оқыттыңыз. Үмітіңізді ақтады. Дипломды қолыңызға әкеліп берді, жасы 27-де. Ірі компанияда істейді.

Бірақ ғашығы қазақ емес. Оны естіген әкесі үйден қуды, сіз әкесінен аса алмадыңыз. Шетел асып қыз кетті, тізе құшақтап сіздер қалдыңыздар. Уақыт өтіп, сіз де, шалыңыз да шаршадыңыздар. Намыс пен елдің сөзі жібермейтін сіздер де қартайып, күнде жылайсыздар. Айдалада қыз бақытсыз, үйде сіздер бақытсызсыздар. Міне осыдан кім бақытты болды? Кімге жақсы? Көршіге ме?

Ол қыздың анасын кінәлаудың түк керегі жоқ. Бірде-бір ана қызына "Басқаға тұрмысқа шық" деп айтпайды. Олай тәрбиелемейді. Бұл - тағдыр! Оның үстіне, сол жігіт қызды бақытты қылатын шығар, қайдан білесіздер?", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Жігіттікке келдің бе?
Атом бомбасы тасталған қалалар жайлы қандай жасырын дерек бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу