Бұл өмірде не маңызды?

Oinet.kz 26-07-2019 3676

pochemu-vazhno-tsenit-vremya.jpg

Не маңызды болуы мүмкін? Бұл өмірде не маңызды деген тақырыпты оқып жатып-ақ, сіз өміріңіздегі ең маңыздыларын шолып шыққан боларсыз. Сіз ата-анаңызды, сіз досыңыз, сізге ақша, сізге денсаулық, басқаңызға жұмыс... Ешбірі де қате емес, себебі өмірінде ненің маңызды екенін әр адам өзі шешеді. Өмірдегі маңызды нәрселер жөніндегі жұрттың пікірі аты аталып тұрғандай пікір, факті емес. Сіз үшін ақша маңызды ма, демек ол расымен де солай. Өзіңіздің қажеттілігіңізді өзіңізден артық ешкім білмейді.

Өмірде ең қорқыныштысы – жалғыздық. Одан да қорқыныштысы жалғыз екендігіңді түсіну. Махаббат сезімін бастан кешірмей өту, өмірді тіпті сүрмеу секілді. Көршінің үйінен нан ауыз тиіп шыққандай. Адамдармен шынайы қарым қатынас орнатып ләззат алып өмір сүріңіз. Жақсы адамдармен араласып, жақсы ортада, жақсы әлемде өмір сүріп өтіңіз. Махаббат, шынайы қарым-қатынастар маңызды.

Адамдар үнемі асығыс, бір-бірімен соғысып жүреді, әйтеуір. Барлығы өздерінің ішкі тұрмыстық мәселелерімен айналысып, эмоционалды құлдырауды бастан кешіріп. Бірақ қиын кездерде сізді қолдайтын және көңіліңізді түсіруге жол бермейтін шынайы достарыңыз бар екенін білгенде әлем сұр түсінен алшақтайды емес пе? Шынында да, өзара көмек пен қолдау жоғары жетістікке жетудің кепілі болып табылады. Көмек пен қолдау маңызды.

Біздің өміріміз жақсы және жаман сәттерден  тұрады, екеуі де өміріміздегі маңызды аспектілерді ойнайды. Күн сайын біз монотонды өмір сүріп, жұмыс істеуге немесе оқуға асығамыз, бұл ең бастысы, біз өмірімізде ештеңені өзгерткіміз келмейді, дегенмен біз өз тағдырымыз туралы үнемі шағымдана береміз және оны кінәлаймыз. Жаман, жақсы сәттер маңызды. 

Сіз де, сіз де, ешкім бұл өмірге жайдай жай жіберілген жоқ, кез келгеніңіздің мақсатыңыз бен міндетіңіз бар. Ата-ана, дос, туыс, отан, отбасы алдындағы. Мақсаттарыңызға жетіп, міндеттеріңізді орындау маңызды.

Тыңдау маңызды, көру маңызды, күлу маңызды. 

Атом бомбасы тасталған қалалар жайлы қандай жасырын дерек бар?
Түрік сериалдарының сиқыры неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу