Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
«...Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнекей жағада тұр...»
Ұлы Отан соғысы ардагері жайында сөз айтылса, ой қозғала қалса мұзбалақ ақын Мұқағалидың осы өлең шумақтары еріксіз ойға оралады. Олай болмағанда ше? Ресми статистикаға сүйенер болсақ, дәл бүгінде, осы мақала жазылған кезде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көзі тірі 431 Ұлы Отан соғысының ардагері қалғаны жайлы дерек алдық. Осы жылдың 1-қаңтарында олардың саны 460 болған екен. Небәрі төрт айдың ішінде 29 ардагер бақилыққа аттанған. Ал, соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер қатары төрт айда 121-дан 246-ға қысқарып, 973-ке дейін сиреді. Облыста әр жылдарда 51 Кеңес Одағының батыры, 1 «Халық қаһарманы» және 8 «Даңқ» орденінің толық иегері ғұмыр кешкені белгілі. Кеңес одағының батыры арасындағы жалғыз тірі жүргені Тоғанбай Қауынбаев болса, оның да былтыр жарық дүниедегі дәм-тұзы таусылды.
Жеңістің 70 жылдығы елімізде ерекше тойлануда. Түрлі игі іс-шаралар қолға алынып, ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мемлекеттің қамқорлығынан бөлек әр мекеме де өздерінің шама-шарқынша құрмет көрсетіп жатқан жағдайы бар. Жалпы, Жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты қандай іс-шаралар қолға алынғандығы жөніндегі деректі Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйеніп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әрбір ардагерге 1 миллион теңге
Жеңістің 70 жылдығына байланысты облыс әкімінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылып, мерекеге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 14 қарашадағы қаулымен бекітілді. Бүгінгі таңда материалдық көмекке республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен барлығы 1,5 миллиард теңге бөлініп, әрбір ардагерге 1 миллион теңгеден жәрдемақы берілуде. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар 8 сәуір мен 1 мамыр аралығында толығымен аударылу жоспарланған. Жеңістің 70 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудан, қала әкімдерінің арасында меморандум түзілді.
Осы жылдың 13 ақпанындағы мәлімет бойынша зейнетақы төлеу орталығының ұсынған тізімдеріне орай облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінген біржолғы материалдық көмек ретінде 22056 адамға 859,8 миллион теңге аударылды.
Мәскеуде өтетін мерекелік шеруге 2, Астанадағы шеруге 15 ардагер қатыстыру жоспарланған. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 3,4 миллион теңге бөлінді. Ардагерлер делегациясы мүшелерін бірыңғай киіммен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 3450,0 мың, демеушілер есебінен 1800,0 мың теңге қаралды. Облыстағы ардагерлерге 22346 дана мерекелік медаль тапсырылады. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соларға теңестірілгендерді, тыл еңбеккерлерін осы медальмен марапаттау жұмыстары жүргізілуде.
«26 ардагер тұрғын үй кезегінде тұр»
Облыс бойынша қазіргі кезде 26 соғыс ардагері тұрғын үй кезегінде тұр. Оларды баспанамен қамтамасыз ету қарастырылуда. Арнайы жасалған әлеуметтік картаның нәтижесінде 226 ардагердің үйлерін жөндеу қажет екені анықталды. Оның ішінде 85 үй күрделі, 141 үй ағымдағы жөндеуден өткізілуі тиіс. Көздеген тірлікті жүзеге асыру үшін бизнес өкілдерімен меморандумдар түзілді. Жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталады деп күтілуде.
Облыс бойынша соғысқа қатысушыларға орнатылған 273 ескерткіш, 37 құлпытас, 161 мемориалды кешен бар. Олардың 104-і ретке келтіріліп, 56-сына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан«Даңқ» мемориалын абаттандырылуда. Бюджет есебінен 53 жауынгердің жерленген орындарын абаттандыру жұмыстары жоспарланып, «Соотечественник» қоғамдық ұйымына 21,0 миллион теңге бөлінді. Ордабасы ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған 2 ескерткішті қайта қалпына келтіру үшін демеушілер есебінен 200 мың теңге қарастырылды. Арыс қаласында «Жеңіс» аллеясын абаттандыруға облыстық бюджеттен 26,2 миллион теңге бөлініп, ретке келтірілуде.
Облыс аумағында Кеңес Одағының батырлары атында 55 көше, 42 мектеп бар. Былтыр желтоқсан айында Жеңістің 70 жылдығына арнап шығарылған «Ерлік-елге мұра» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі зиялы қауым және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен мамырдың 5-күні «Жеңіс» саябағында салтанатты жағдайда өткізу жоспарлануда.
Құрмет акциямен шектелмейді
13 ақпан күні облыстық Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, онда мерекеге орай ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету, олардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелері қаралған болатын. Сонымен бірге Ардагерлер кеңесі мен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің арасында «Мейірімді топ» атты меморандумға қол қою шарасы өткізілді. Оның мақсаты - ардагерлердің ерліктерін насихаттай отырып, жастарға рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді бойға сіңіріп өсулеріне, ұрпақ сабақтастығы арқылы тұлғалы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау, сондай-ақ, ардагерлердің сұранысы бойынша оларға қолғабыс көрсету болды.
Республикалық ардагерлер кеңесі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының арасында құрылған меморандумға сәйкес «Өмір желісі» акциясы бастау алды. ТМД аумағында 2015 жыл «Ардагерлер жылы» болып жариялануына байланысты жүзеге асырылып отырған шара аясында Оңтүстікке ардагерлерге «дабылды нүктесі» бар құрылғының 448 данасы таратылды.
Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай Ұлы Отан соғысы, Қаулы күштер және Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ардагерлерге құрмет көрсету-олардың ерліктеріне бас ию!» атты әскери-патриоттық акциялар кезең-кезеңімен өткізілуде. Жеңіс күніне арналған әдеби кештер, еске алу сағаттары, «Ерлік сабақтары», «Бейбітшілік сабақтары», жаппай спорттық, мәдени-сауықтыру және тәрбие-насихаттау іс-шаралары мен «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды», «Отан үшін от кешкендер», «Отан оттан да ыстық» тақырыптарында семинар, тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстелдер, кезесулер өткізілді. Оған 380 мыңға жуық оқушы атсалысты. Мереке аясында облыстағы мектептерде «Ер есімі-ел есінде» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, «Данқ» бұрыштарын ашу қолға алынды.
Жеңістің 70 жылдығы әр күні әр алуан іс-шараларға ұласып, алдағы уақытта да жарасымды жалғасын таппақ.
Мұрағаттан, 29.04.2015 ж