Гауһар Әлімбекова түрмеде қалай қиналғанын жеткізді

Oinet.kz 17-04-2019 980

Screenshot_2.jpg

Жақында ғана сот залынан ақталып шыққан әнші Гауһар Әлімбекова "Өз ойым" бағдарламасында қонақта болды. Өнер иесі тар қапаста қалай қиналғанын жеткізді деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

"Менің достарым – көрермендерім, өнерге жанашыр адамдар, халқым, елім, жұртым. Бірақ, халық түрмеде де халық екен. 3-3 деп камерамды жаттап алып, жұмысшылар анам сұрап жатыр, әкем сұрап жатыр, жағдайыңыз қалай деп келіп жатты. Төсегіме кешке келіп, рахаттанып ұйықтаймын деп кеткен едім, сизодан бірақ шықтым. Түсім сияқты болды. Қолыма кісен салып алып кеткен кезде ештеңе түсінбей қалдым. Бірақ, өзіме сенімді болған едім", - дейді әнші.

   Әлімбекова түрмеде де өзін халық іздегенін айтып ағынан жарылды.  "Азғантай уақыт камерада жанымда жатқан қыздар маған бауыр басып қалды. Кетіп бара жатып ақыл айтып қоямын. Көңіл-күйім бар кезде әнімді айтып беремін. 15 минут прогулка кезінде мен шықпаймын. Таза ауаны жақсы көрмеймін.Түрменің таза ауасын кім жақсы көрсін. Гаухар Әлімбекова бар ма деп бәрі сізді сұрап жатыр деп айтады. Сөйтсем, гипсы бар қызды іздейді екен", - деп барша қолдау білдірген тыңдармандарына рахметін айтты. 


Тоқтар Серіков: Ерке сияқты сұлу қыздарға қай еркек көз салмасын
Шардаралық келіншектер арқан арқылы босанып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу