Ә.Әлқожа дұшпандарының көбейіп кеткенін айтты

Oinet.kz 15-04-2019 1251

201804200548409-640x416.jpg

  Соңғы кездері басы даудан арылмай жүрген әнші Әбдіжаппар Әлқожаның жақында "Үшінші адам" атты бейнебаяны жарыққа шыққан болатын. Шоу-бизнес өкілі бейнебаяндағы жағдай өмірінде де қайталанып жатқанын айтты деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Хайп" дегенге дұрыс қарамаймын. Түбі ашылып қалатын дүние ғой. Сен не жұмыс жасадың, сол тағдырыңа айналып кетуі мүмкін. Мысалы, өзім бейнебаян түсірген кезде, екінші бөлімде менің арқамнан келіп атады. "Үшінші адам" деген әнді қалай түсірдім, өмірімде де, өнерімде де дұшпандарым, сыртымнан бақылайтындар көбейіп кетті. Тура бейнебаян сияқты болып кетті", - дейді әнші. 

Алагөзовке тұрмысқа шыққалы Баян қалай өзгерді?
Сырым Исабаев: « Оңтүстіктің атын отандық киномен шығарсам деймін »
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу