11 келінмен тату болу оңай ма?: Енесі келіндері туралы шындықты айтып берді

Oinet.kz 17-03-2020 1328

11 келіні бар Күләш Дәукенова өзінің қатал ене емес екенін айтады. Келіндерін еркелетіп ұстаймын дейді.

news_full1584353550c963705b8a7edea72c31fcec10840141.jpg

«Осы екі келінге билікті бергенмін. Артқы келіндердің барлығын осылар тәрбиелеп келе жатыр. Құдайға шүкір, немерелер қосылып жатыр. Бір немере келінімді алып келдім. Біреуі өкіл баланың келіні. Балалардың жолдасы, бірге жүргеннен кейін ата-анасы жоқ болған соң өзіме тән бала қылып өкіл етіп алғанмын. Ол да өз баламдай ғой. Ешуақытта бөлмеймін», – дейді 11 келіннің анасы Күләш Дәукенова.

 «Үй шаруашылығында отырмын. Шәй дайындап, тамақ жасаймын. Үйге келгенде барлық келін бірдей атсалысады», – дейді енесінің қолында қалған келіні Гүлжан Ерманқызы.

Ал үлкен келіндері болса, қазір қолдары ұзарып қалғандарын айтады. Жас келіндерді үйдің екі үлкен келіні тәрбиелеп отырады екен.

«Бір күні жаңа жыл болды. 2018 жылды қарсы алдық. Шалдың үйіне қарсы аламыз деп барлығымыз сол жаққа бардық. Төрде атам мен енем отыр. Сөйтіп мен де отыра қалдым. Қасыма үлкен келін Меруерт келді. Бір уақытта үшінші келін келді. Сөйтіп жылжып отырып қайын атамның қасына бірақ барыппын. Соны байқамай қалыппын. Бір уақытта есіктен кіріп келген жолдасым маған қарап «Ойбу дәрежең өсіпті ғой. Қайын атаңның жанына барыпсың» дегенде көрдім», – дейді екінші келіні. 

Бір келіні күміс алқаның иегері екен. Апаның 43 немересі бар екен.

«Өзім келін болып түскенде атам мені қатты еркелетті. Енем екі айдан соң қайтыс болып кетті. Өзі науқас екен. Содан атаның қолында қалдым. Ол кісі мені алтыным, жарығым деп еркелететін. Түк білмесем де мақтайтын. Содан кейін мен де келіндерімді жақсы еркелетемін», – дейді 11 келіннің енесі.

Дереккөз: stan.kz 

Жалқау күйеубалам бізге масыл болып отыр
​Анасының басын шапқан ер адам ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу