Құмар ойынға берілген ұлым күйдірді

Oinet.kz 26-08-2020 2066

«Бала бауыр етің. Өмірдің мәні – бала» деген сынды сөздерді жиі естіп жатамыз. Шынымен, бала өмірдің мәні ме? Жалғыз ұлымнан жақсылық көремін ба деп ойлап жүрген мен оны ойынханалардың есігін қағып, іздеп жүрмін. Әр ойынхананың есігінен кіргенде баяғы күндерім есіме түседі.

ll-1.jpg

Күйеуім екеуміз шаңырақ көтерген соң көп жылдар бала сүйе алмай, қиналдық. Дәрігерге қаралып, Құдайдан сұрап жүріп жалғыз ұлымыз дүниеге келгенде шексіз қуанып, ұлан асыр той жасағанымыз әлі есімде. Арман алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні әлемде менен артық бақытты жан болмаған шығар. Арманның соңынан дүниеге Дара қызымыз келді. Алланың берген екі перзентін ел-жұрттың баласынан кем қылмай, өсіріп жүрген жайымыз бар.

Қартайғанымызда асырайды деп жүрген баламыз қазір ойынханадан шықпайды. Бар тапқан табысын бізге емес, ойынханаға алып барады. Ойынға құмарпаз болғанын біз соңынан білдік. «Жігіттермен бір мәселені шешеміз. Бір жерге барып, отырамыз» деп сылтауратып кешке үйден шығып кетеді. Оның ойынханаға барып, тапқан ақшасын соған құйып жатқанынан хабарымыз жоқ біз ұйықтап жата береді екенбіз. Білсек, үйде  қамап ұстайтын едік қой. 

Соңғы уақытта тым шектен шығып кетті. Күні-түні ойынханадан шықпайды. Табысы жақсы, тұрақты жұмысына  уақытылы бармағандықтан ол жерден шығарып жіберді. Университетті үздік аяқтаған кезінде әкесі сыйлаған қымбат көлікті де сатып, ойынға тікті. Соңғы ақшасын ойынханаға тастап, енді ақша таппай отыр. Менің тығып қойған алтындарымды да ұрлап, сатып жатыр. Не істейміз?

Ұрсып та, ұрып та айттық. Сол сәтте «Жарайды, енді бармаймын. Кешіріңіздерші» деп жалынып, жылайды. Баланның жылағанын көргеннен артық қасірет бар ма жалғанда?! Кешірем, біраз уақыт жақсы болып жүреді. Бірақ тағы бастайды! 

Үйлендірсек басыла ма? Бірақ Арманға сенбейміз, бір отбасының үрімдей қызың қор етіп, жылатып аламыз ба деп ойламыз. Өзіміз де жалғыз қызды өсіріп, тәрбиелеп отырмыз ғой.

Арманның тәрбиесінің қай жерінде жаңылысқанымызды біле алмадық?!

Оқырман хатынан

Кедей құдамнан ұяламын!
Әйелім өліп, панасыз қалдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу