«Баланың өзінен екеніне күмәнданған»: Өскеменде ер адам жүкті әйелінің ішінен пышақпен ұрған

Oinet.kz 18-08-2020 1558

Өскеменде 42 жастағы ер адам азаматтық некедегі жүкті әйелінің асқазанына пышақпен ұрып, бар болғаны төрт жылға бас бостандығынан айырылды.Жаңаөзенде құрдасын пышақтаған оқушы 9,5 жылға сотталып кетті

Маусымның соңында Мирный кентінің жеке үйлерінің бірінде жанжал болды. Отағасы бірге тұратын әйелінен жүктілігі туралы сұраған. "Кімнен" деген сұраққа әйел жауап қатпаған. Үнсіздік оның өмірін қиды.

Өскемен қаласының №2 сотының мәліметінше, ер адам үстелден пышақ алып, оны азаматтық жұбайының құрсақ қуысына сұғып, жатырын зақымдаған. Осыдан кейін, ол өзі сотта айтқандай, бірге тұратын әйел ұзақ уақыт еденде жатып, содан кейін басқа бөлмеге кеткен. Қызғаншақ жолдасы тіпті "жедел жәрдем" шақыруды ойламаған. Әйелге бір тәулік бойы медициналық көмек көрсетілмеген, кейін ұялы телефонды тауып, полицияға қоңырау шалған. Бір таңқаларлығы, үйдегі жауыз күйеуінен зардап шексе де, әйел сотта оны қатаң жазаламауды өтінді.

Жазаның жеңіл болуына тергеу де көмектесті. Айыптаушы тарап ауырлататын мән-жай ретінде сотталушы қылмыс жасаған кезде мас күйінде болғанын атап өтті, бірақ бұл құжаттық түрде расталмады.

Ер адамның іс-әрекеті қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сараланып, оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Дереккөз: Stan.kz

Күйеуінен қорлық көрген үш балалы әйелдің жанайқайы
Салақ келінімнен шаршадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу