Неліктен атақты хирург өзінің әйел екенін жасырған?

Oinet.kz 12-08-2020 1189

Өмірде кейде таңғажайып оқиғалар болады. Көрнекті Британдық дәрігер Джеймс Бэрри 1865 жылы 25 шілдеде жан тапсырды.Күңі  София Бишоп мәйітті жумақ болғанда марқұмның әйел екенін біліп абдырап қалады. 

image.png

Ағылшынның атақты  хирургі Джеймс Бэрри әйел болып шықты. Бұл жаңалық қоғамда  сенсация болды. Британ армиясында әйел әскери хирург болуына тиым салынғандақтан, бұл сыр 100 жыл құпия сақталды. 

Тек 1950 жылдары тарихшы Изабель Рэй әйгілі хирург шын есімін Маргарет Анн Балклидің бүркеншік атымен жасырған деп атады. Доктор Мишель мұрағатынан Маргарита деген атпен жазылған хаттарды тапты. Бұл жазбала Джеймс Бэрридің атынан қол қойылған хаттармен бірдей қолтаңбамен жазылған.

Әйел 1795 жылы ирландиялық отбасында дүниеге келген. Ол туралыы мәліметтер тым аз. Саргареттің әкесі саудагер болады. Асыраушы әке құқықтық жауапкершілікке тартылып, түрмеге тоғытылады. Содан бастап, отбасының жағдайы күрт нашарлайды. Шын мәнінде, Джеймс Бэрри өмірде бар адам еді. Ол – Маргареттің ағасы болатын.Маргареттің үлкен ағасы әйелі мен баласы бар, тұрмысбасты адам еді. 

image.png

Асыраушысыз қалған отбасы кілт шешім қабылдады. Маргарет университетке түсіп, дәрігер болуы керек. Бір кедергі – медицина саласына білім алуға тек ер азамматтар құзырлы еді. Сондықттан Маргарет сүйікті ағасының ныспысын ппайдаланып, ер кейіпіне енді. 

Белгіленген уақытта анасы барлық таныстарына Маргареттің ауырып жатқанын және Шотландияға емделуге бару керек екенін айтты. Олар Эдинбургке пароходқа отырды. Межелі жерге жеткенде, Балкли ханым мен оның жиені Джеймс жағаға шықты. Жас жігіт костюм киініп, ерлер үлгісінде шаш қойған еді. 

Джеймс 1810 жылы  медицина факультетіне оқуға қабылданды. Талантты хирург мансаб сатысында лезде  жоғарыға көтерілді. Ол Үндістан, Оңтүстік Африка секілді колонияларға қызмет етуге жіберілді. Кейптаунда Джеймс (Маргарет) жергілікті губернатор Лорд Чарльз Сомерсетпен қарым-қатынаста болды.

image.png

Актриса Рэйчел Вайс Джеймс Бэрри рөлінде

Бұл жұп ел тарапынан біржынысты қатынас құрушылар есебінде күдікке ілінді. Өмірінің соңына дейін  доктор Барри Лордты ең адал дос ретінде еске алды. Бұл оқиғаның түйіткілі басқалар үшін құпия болып қала берді. Өзгелер үшін «кілтипан» саналған жағдаяттың сыры беймәлім қалыпта.

Африкада Джеймс Бэрри құрлықтағы медицинаны дамыту үшін көп жұмыс жасады. Біріншіден, ол британдықтар мен жергілікті тұрғындар үшін тең емдеу жағдайын қамтамасыз етті. Екіншіден, жақсы ауруханалар құрылды. Маргарет кесарь операциясын сәтті өткізді. Осындай жетістіктері үшін Маргарет, яғни Джеймс Бэрри қызмет бабында жоғарылап, жаңа жұмыс орнына ауыстырылды. Бұл жайт сүйіктісі Лорд Сомерсеттен ұзақтатты. Ямайкадан келген қызметші Джон барша сырды соңына дейін жасырын ұстады. 

Әскери хирург ретінде әйел көптеген жерлерде қызмет етуге мәжбүр болды: Маврикийде, Канадада, Сент-Елена аралында, Тринидад және Тобаго аралдарында.

Замандастары дәрігерді эмоцияға бейім, ашушаң деп есіне алған. Доктор ашуланса, ыдыс-ақты қабырғаға лақтыратын. Джеймс тіпті бір рет дуэльге шыққан. Содан да болар жанынан үлкен қылышын тастамайтын болады. 

Наполеонның биографы, граф де Лас Каз хирург естеліктерін қалдырды. Джеймс өте жас көрінетін, даусы мен мінезі әйелдікіне ұқсас де келтірген. Граф бұл адамның феноменальды ерекшелігі болар деп болжаған. 


Анам ұлымен жасты жігітке тұрмысқа шықты
Әруақтың қаһарына ұшыраған екі қыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу