Күйеуін тағатсыздана күткен әйелдің өлімі
Өмір болған соң әрқилы тағдырлар болады. Әр тағдырдың өз қиыншылығы мен қызығы бар. Бірақ бұл қыздың тағдырын естігенде денем тітіркеніп, қатты қиналдым. Неге өмір әділетсіз?
Мақсат пен Жанар бір-бірін ерекше жақсы көрді. Махаббатқа толы күндердің бірінде олар отбасын құруға шешім қабылдайды. Бірақ бұл некеге Жанардың анасы түбігейлі қарсы болды. Сонда да Мақсат қызды алып қашып, үйіне алып келді. Бәрі келін түскеніне қуанышты, беташарға дайындық басталып кеткен. Бірақ тосыннан оқиға болды. Жанардың анасы келіп қызың сүйреп, әкетіп қалды. Үлкендердің көндіруге тырысқан әңгімесін де тыңдаған жоқ. Қызың алып кетті.
Беташарға қонақтарды шақырып, дайын отырған отбасы әп-сәтте «келінсіз» қалды. Мақсаттың анасы бұл масқаралыққа шыдай алмай, өзінің алшақтау танысынын қызың сұрап барып, олардың келісімімен Мақсат пен Айнұр отбасын құрды.
Бастапқыда бәрі ойдағыдай болды. Арадан бірнеше уақыт өткен соң Мақсат үйге келуді қойды. Апталап жоқ болып кетеді. Айнұр күйеуін күтіп, есікке тағатсыздана қарап отырғаннан басқа ештене де істей алмады. Мақсат бұрынғы өзі ессіз ғашық болған Жанардың үйіне барып, сонымен бірге тұруды қалайтын. Жанардың анасы қаншалықты қарсы болғанымен, Мақсат өз дегеніне жетті. Соңында екеуі қаладан пәтер жалдап, бірге тұра бастады.
Айнұр «бүгін келеді, ертең келеді» деп күйеуін күтіп, ата-енесінін жағдайын жасап, үйде отыр. Бұл күндер осылай жалғаса берді. Мақсат тек анда-санда ата-анасын көруге келіп кетеді. Өзгелердің айтқан сөзін тыңдаудан қалған Мақсатқа Айнұрдың жүкті екені де қызық емес болып қалды.
Жүктілік уақытын тек жылап, сағына күтумен өткізген Айнұр баланы белгіленген уақытынан бұрын босанды. Періштедей пәк кішкентай қыздың ешқандай жазығы жоқ. Бірақ қиын тағдыр оны тірідей әкеден жетім еткен еді. Мақсат қызың көруге де келмеді. Ал бұл жағдай Айнұрға тым ауыр соққы болды. «Баласы туылса, ол қайтып оралады» деп үміттеніп жүрген Айнұрдың үміті су сепкендей басылып, ол тіптен өмірден баз кешіп, қайғыға беріліп кетті.
Бұл уақыттарда Мақсат өзінің сүйіктісімен некесін қиып, қаладағы пәтерде бақытты ғұмыр кешуде еді.
Айнұр көп адамдарда кездесе бермейтін ауруға шалдықты. Бұл ауруды дәрігерлер жүйке жүйесінің бұзылуынан, қатты стресстен деп түсіндірді. Расыменде, бақытты боламын деп қуана тұрмысқа шыққан Айнұр өмірдің қатаң сынына тап болды.
Дәрігерлер аурудың емін таба алмады, тек туыстарына алты айдай уақыт өмірі қалғанын ашық айтты. Айнұр күйеуіне деген ренішін ұмытып, енді бар арманы кішкентай қызың тәрбиелеп, сонын қызығын көру еді. Бірақ қатал өмір оның бұл арманын да көп көрді.
Дәрігерлер белгілеген уақыттан соң Айнұр көз жұмды. Артында қалған кішкентай қызы жетім атанып, анасын іздеумен әркез жылап отырады. Ал Мақсат өзінің сүйікті жары Жанармен бақытты ғұмыр кешуде.
Бұл әділетсіз тағдырға кім кінәлі? Некеленген әйелін ұмытып, махаббатқа мас болған Мақсат па? Жігітті толық танымай тұрмысқа шыққан Айнұр ма? Жоқ, әлде қызыңа ақ батасын бермеген Жанардың анасы ма?
Бұл сұрақтардың жауабын ешкім білмейді. Тек «әділетсіз өмірді» кінәлай аламыз!