Актриса: Егер келесі Президент Дариға болса, мен бұл елден көшіп кетемін

Oinet.kz 26-03-2019 3201

IMG_6608.jpg

Танымал актриса Сая Оразғалиева билік төңірегінде ой білдіремін деп басы дауға қалды. Ол наурыз мейрамы қарсаңында әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жазбасында билікті қатаң сынға алған. Бұл туралы juldyz-alem.kz хабарлайды. 

Әрине, елорданың атауын өзгертуге қарсылықтан бұрын, актрисаның сөзінде қаражатты дұрыс жерге жұмсаса екен деген тілек басым болды. Бірақ сөз соңында ол “қай елге кетіп қалсам болады?” деген сауал тастап, пікірлер бағанында да екіұшты тіркестермен жоғары жақты қағытып өткен. Дәл осы жазбадан соң, желіні Оразғалиеваның орынсыз әзілі шарлап кетті. Инстаақпаратқа сенсек, Сая “Егер келесі президент Дариға болса, мен бұл елден көшіп кетемін” деп кесіп айтқан. Оқырмандар пікірі екіге жарылып, оны ашық айтқан ойы үшін мақтап жатса, біреулер, “сені ұстап тұрған ешкім жоқ, қазір кет” деп ашуға мінді.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Атырауда қызды құтқарамын деп мерт болған полицей жақында үйленбек болған
Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу