Қазақстанның туымен шөптің бетін жапқан
Шығыс Қазақстан облысы Қалбатау ауылының тұрғыны еліміздің туы бейнеленген баннермен шөбінің үстін жауып тастады. Ол үшін ер адамға ірі көлемде айыппұл төлеу жауапқа тартылу жазасы күтіп тұр. Желіде ер адамның ту бейнеленген баннермен шөбінің бетін жауып қойғаны талқыланды. Оқиға ауылдағы жеке меншік үйдің бірінде болды. "Тудың көлеміне қарағанда ол мемлекеттік органға тиесілі. Оның сеновалға қалай түскені белгісіз. Бұл жайтты анықтауды сұраймыз", - дейді постта.
Tengrinews.kz мәліметінше, полицейлер шаруаның кім екенін анықтады. Айтуынша, баннерді қаңтар айында тауып алған. Енді сол әрекеті үшін жауап береді. Заңға сәйкес, мемлекеттік белгілерге қатысты 500 мыңнан 2,5 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Өзге де жауапқа тарту жолдары бар. Бұл 3 айдан 6 айға дейін, 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы.