Шымкенттік әйел: Қайын атамнан қорлық көріп жүрмін

Oinet.kz 27-07-2020 4329

Атын атағысы келмеген Шымкент қаласының тұрғыны редакциямызбен ауыр тағдырымен бөлісті.

2018103112021536403_25cf44132be0a92abecdfb4feb729b7a.jpg

Өмірде әрқилы тағдырлар бар. Бірі өгей әкесінен, бірі күйеуінен, бірі туысқанынан қорлық көріп, өмірмен күресіп жатады. Ал өзінің қайын атасынан қорлық көру кез келген әйелге ауыр тиері анық. Бір оқиға есіме түсті.

Біздің ауылда қарапайым отбасы өмір сүретін. Жалғыз ұлын үйлендіріп, шаңырағына келін түсіріп, дүбірлетіп той жасады. Келіні өте жақсы, барған кезде «сіз» деп құрметтеп, сәлемін салып жүреді. Бірақ көп уақыт өтпей ол үйден ұрыстын даусы естіле бастады. Сөйтіп арадан біраз уақыт өткен соң келіні төркіне кетіп қалыпты дегенді естідік. Бұл уақытта баласы өзге қалада жұмыста болатын. Жалғыз ұл 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалатын. Кейіннен баласы келген соң қайын жұртына барып, келіншегін алып келді. 

Бірақ көп уақыт өтпей келіні қайта төркініне кетіп қалды. Оның кету себебі бәріне жұмбақ болып қала берді. 

Кейіннен баласын қайта екінші рет үйлендірді. Әдеттегідей, той-жиын бәрі одағыдай өтті. Бұл келіні де жақсы, үлкендерді құрметтеп, сәлемін салып, жұмысын істеп жүретін. Бірақ біршама уақыттан соң төркініне ұрсысып кетіп қалды. 

Осылай жалғаса берді. Бір емес, бірнеше рет үйленген баласы ауыл арасында жаманатқа ілініп, отбасының шырқы кетті.

«Неліктен алған келіншігі тұрақтап тұрмайды?» деген сұрақ бәрін мазалайтын. Кейіннен белгілі болғандай қайын атасы келініне тыныштық бермейді екен. Баласы жұмысқа кеткенде келініне зорлық көрсетіп, қорлайтын болып шықты. Ең сорақысы, түнде жатын бөлмесіне кіріп, ойыңдағы арам пиғылың іске асырғысы келеді екен. 

Келіні шындықты айтса, өтірік жала жауып жатыр деп баласына қарсы қоятын әдеті тағы бар. Енесі де келіннің сөзін сөйлемегендіктен, отбасыдан қорлық көріп, басқа амалы болмағандықтан төркініне кетіп, бәрінен бас тартады.  

Бұл жерде қайын атаның зорлығына шыдай алмаған келіннің ауыр тағдыры айтылды. Кім кінәлі? Күйеуден қайтып келді деген атқа ие болған қыз бен "бірнеше рет үйленген" деген жаманатқа іліккен азамат тағдыры. 

​Анам қарсы емес: Қыз зорлаған өгей әке
Ұрланған тағдырлар: тұтқындағы тұрмыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу