Жұмбақ үйдегі бейкүнә сәби өлімі

Oinet.kz 22-07-2020 1222

Сол күні апамдар мені үйде жалғыз қалдырып, қалаға кетті. Әдеттегідей, мен көршіміздін үйінде тамақ ішіп, кейін сол үйдін кішкентай қызымен өзіміздін үйге барып ұйықтайтын болдым. Сағат түнгі 12лер шамасында Айжан екеуміз үйге қайттық. Көшенің есігінен кірген бойда оны құлтап, үйге емін-еркін кіріп жаттық. Алдымыздан итіміз жүгіріп шықты. Мен оған «кет, кет» деп жатқанымда үйдін терезесіне Айжанның телефон жарығы түсіп қалды. Сол сәтте үйден шырылдаған баланың, айқайлаған әйелдің даусы шықты. Біз қатты қорқып, көшеге қарай қаштық. Құлыптаулы көше есігі ашылмайды. Тартамыз, ашылмайды. Жаңағы дауыстар жақыннан шығып жатқандай болды. Айжан екеуміз тоқтаусыз шыңғырып, жыладық. Сол кезде көшеден өтіп бара жатқан бір ағамыз есікті ашып, бізді көшеге алып шықты.  Айжанның ата-анасы, көшедегі бірер адамдар жүгіріп келді. Бізді тыныштандырып жатыр. 

dark_dark_house_photo1.jpg

Біз болған жайттын бәрін айтып бердік. Есіктің құлыптаулы болғанын айтсақ, жаңағы көкеміз есіктін ашық тұрғанын, өзі есіктен кіргенін айтты. Біз одан сайын қорқа бастадық. Үлкендер «қорыққанға қос көрінер» қорқып қалғансыңдар ғой, деп үйге алып кетті. Ал біз Айжан екеуміз жаңағы дауысты естігенімізді, есікті құлтағанымызды айтып, оларды сендіре алмай қойдық. 

Кейін болған оқиғаны қаладан келген апамдарға айтып бердім. Олар да қорқып қалғансыңдар ғой деп, мән бермеді. Бірақ біраздан соң мен ата-апамның сөздерін естіп қалдым.

- Бұл дауыстар қашанға дейін шыға береді. Үйге молда әкеп, жақсылап оқытып жіберу керек еді. Қарашы, енді Айгүлге де естіліп жатыр бұл дауыстар, - деп апам атаға күйіне айтып жатты. 

Кейіннен апам бұл дауыстардың неліктен шығатынын айтып берді. 

Бұрында біз бұл үйге көшіп келмей жатып, мұнда ерлі-зайыптылар өмір сүріпті. Бәрі ойдағыдай, бақытты ғұмыр кешіп жатқан. Алайда бір күні күйеуі қатты ішіп келіп, баласын емізіп отырған әйелін болмашы себепке бола өлімшідей сабап, ұрған. Кішкентай сәби тоқтаусыз шыңғыра бергендіктен көзі қарайған әкесі оның даусын өшіру үшін аяусыз ұрып тастайды. Қатты ауырсынудан денесін көтере алмай жатқан әйелі баласын ұрғанын көріп, шыдай алмай баласына жан ұшыра барса, дүниеге келгеніне көп болмаған нәресте қатты соққыдан шетінеп қалғанн Бұл күйікке шыдай алмаған жас ана сол сәтте қатты шыңғырып, қайтыс болыпты. Ал бәріне кінәлі күйеуі көз алдында әйелі мен баласынын өлімін көріп, қатты қорқып, жынданып кеткен көрінеді. 

Бұл бұрыннан келе жатқан аңыз. Сондықтан да апам әрқашан үйді адыраспанмен аластап, үйде жиі-жиі құран оқып отырады. Бірақ бұл оқиға мәңгі менің есімде қалды. 

Төркініне көмектесемін деп қайын жұртта абыройсыз қалды
Қарғыс атқан ауыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу