Балаларымызға дінді уағыздап жүрген Ерсін Әміре жайлы не білеміз?

Oinet.kz 20-05-2020 1492

Қазіргі таңда дін мәселесі өте маңызды. Көгілдір экран арқылы балаларымыздың таным-түсінігі мен діни көзқарасын қарастырып жүрген Ерсін Әміре жайлы не білесіз? 

unnamed (2).jpg

1981 жылғы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан елді-мекенінде дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1998 жылы ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекеніндегі Е.Ерназаров атындағы орта мектепті тәмәмдаған.

1998-2000 жылдары ОҚО, Шымкент қаласындағы “Даруль арқам” Құран кәрімді жаттау орталығын, 2000-2001 жылдары Шымкент қаласындағы “Нәзір Төреқұлов” атындағы орталықтан араб тілі курсын бітірген.

2001-2006 жылдары Ливан мемлекетіндегі Триполи универсиетінің шариғат және ислам ғылымдары факультетін аяқтаған. Мамандығы-теолог-исламтанушы.

Еңбек жолы:

2007-2008 жылдары ОҚО, Шымкент қаласындағы “Абдулхамит Қаттани” орталық мешітінде ұстаздық қызметін атқарған;

2009-2011 жылдары Шымкент қаласындағы «Сейткәрім қажы» мешітінің бас имамы, “Даруль арқам Құран кәрім үйрену” орталығының ұстазы;

2011-2013 жылдарда Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы;

2013 жылғы сәуір айынан бастап Атырау облысындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның директоры.

Саладағы ғылыми еңбектері:

1) «Фиқһ» мәселелері ( аудио жазба, 18 сағат);

2) «Тахауия ақидасы» (аудио жазба, 27 сағат);

3) «Нәпсіні тәрбиелеу» мәселесі (аудио жазба, 50 сағат);

4) Өзге де аудио-видео сабақтарының авторы.

Мұсылман әйелдерін көргенде өкініштен өзегім өртенеді
«Кешью» тобынның әншісі перзентіне елде жоқ ерекше есім берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу