Мұсылман әйелдерін көргенде өкініштен өзегім өртенеді

Oinet.kz 19-05-2020 2926

Танымал француз актрисасы Брижит Бардо былай дейді: «Өзім басты рөлдерді сомдаған кез-келген бұрынғы филімдерімді айналып қарағанда, өз-өзімді қатты жек көремін, сұмдық жиренішті сезім пайда болады, тез арада теледидарды өшіріп барып, жаным жай табады.

pw53c7b6w166-640.jpg

... Адам бақытының апофеозы – ол адал неке екен. Әрқашан жанында күйеуі мен балалары бар әйелді көргенде өзіме «неге мен мұндай шапағатқа ие болмадым?» деп сауал қоямын. Мұсылман елдеріне барғанымда мен олардың әйелдерін көріп, өкініштен өзегім өртенеді, бір көргенде артта қалған секілді көрінгенімен, олар біздің әрбір еуропалық әйелдің нағыз арманы – әйел бақытына қол жеткізгенін аңғардым. Әйелдер күйеулерін дәріптейді, ал әйелдерге деген құрмет пен ілтипат одан да ерекше. Әйелдер өте қымбат дүкендердің жанында сыбырласып тұрады, шығыстық кейіптегі сөз жеткізгісіз сұлу балалары болса, павильондарда қуана жүгіреді. Ал күйеулері әйелдеріне әрдайым күлімсіреп тұрып, «қымбаттым», «сүйіктім» деп тіл қатады әрі мұндай сүйкімді сөз жүрекке әсерлі жетеді», – дейді.

Брижит Бардо тағы бір сөзінде: «Мені ешкім дәл мұсылман әйелдерін құрметтегеннің жартысындай да құрметтеп көрген жоқ. Шіркін, бәрін кері қайтарғым келеді. Мына әлемде өзімді сүйетін күйеуім мен балаларымның қамқорлығынан асқан еш нәрсе жоқ екенін түсіндім. Қазір тек қарындары ашқанда ғана мені еске алатын мысық пен ит менің жанұя мүшелеріме айналған, бұдан өткен қорлық жоқ шығар», – деп ағынан жарылды...

Әйелді құрметтеудің әдістері
Балаларымызға дінді уағыздап жүрген Ерсін Әміре жайлы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу