Әйелің әнші болмасын…
04-06-2022
Ойым қабат-қабат бұлттар арасында өз орнын таппай әлі сенделіп жүр. Жүрек біреу, бірақ, саған айтар сөздерімді тіпті айтып тауыса алар емеспін. Ыстық бір махаббаттың буына күйдірілген адам секілдімін. Өз-өзімнен қымсынып жүрмін. Сен кеткелі күнтізбедегі он үш күнде ауысып үлгеріпті. Пах, шіркін-ай, уақыт неткен жылдам десеңші?
Үй іші тым суық. Әлі жылу қосылмаған сыңайлы. Сен жамылған көрпені үстіме жамылып, қолдарың тиген тұсын иіскепте қоямын. Бұны махаббат деп атаушы меді, қалай өзі? Біздің сезімдер жұрт айтып жүрген махаббатпен тіпті де үйлеспейді. Менің сені ойлап жатқан сәттерім мен сен ойымнан шығарған уақыттарды тіпті салыстыруға да келмейді. Бірде мен сенен сұрап едім-ғой: -Бүгіндікке мені ойладың ба?-деп. Сен ақырын ғана иә тек бір ғана рет деп күлгенсің. Сонда мен ренжіген қалып танытып: Неге бір ғана рет?-деп ашулы үнмен үн қатқан едім. Сол кезде де күлкіңді сәл ғана естіртіп соның өзі жиырма төрт сағатқа созылды дегенің де мен тіпті сөз таппай қиналған болатынмын. Құшағымды жая сала сенің ыстық махаббатыңмен енер сәтіңді тостым да тұрып қалдым. Сөйлер сөзімде, жасар қылығымды осы бір сөзіңнен сон тамамдалған еді. Міне, өз сөзің өзіңе мен сені күніне жиырма төрт емес жиырма бес сағат ойымнан шығаратын емеспін.
Сағыныш? Санаңды сан ойлар торлаған сәтте де бір ғана адамның бейнесін көз алдыңа елестету ме? Әлде, жаның қиналып жабыққан сәттер де сол адамның ғана жаныңда болғанын қалау ма? Әлде, таңертен оянған сәтіңде сол бір адамның құшағыңда жатқаны ма? Әлде, барлық болашағыңды сол адам арқылы елестетіп, таңғажайып келешек құрып жату ма? Не болса да саған айтар сөзім біреу: -СЕН МАҒАН МӘҢГІГЕ КЕРЕКСІҢ!
Сана Әлайдар