Тағдыр теперішін тартқан Мақпал Жүнісоваға арнап өлең шығарылды

Oinet.kz 12-05-2022 1706

Желіде тағдыр теперішін тарқан Мақпал Жүнісоваға арналған өлең тарап жатыр. Айта кету керек, халық әртісі жұбайы Заманбек Нұрқаділовтен айрылған болатын. Осы жақында қызы Мерей тастап кетті деген әңгіме де желдей ескен еді. Осыған байланысты халық әншіні сабырға шақыруда.

Screenshot_1.jpg

Бұл өнер - сор маң, 

Жоқ сынды кемі... 

Бақытын қолдан,

Мүсіндеп еді. 

Бара ма батып,

Заңғары құлап.

Жүрегі қатып, 

Жүр еді шыдап. 

Жан сырын білдік, 

Әнші тұр жылап. 

Пендауи тірлік, 

Бітпейтін сұрақ. 

Жайлы өмір арман, 

Дарынға өш көп. 

Жағадан алған,

Өз қолын кеспек. 

Жақыны – жырақ, 

Иеңіз алып, 

Домбыра, жұбат,

Қолында қалып. 

Биігі... 

Соны ұқ!

Көрмеді құлап.

Суықтан тоңып, 

Алады жылап. 

Домбыра үнсіз,

Иесі мұңды. 

Аспаны күнсіз, 

Қоғамы жынды. 

Салтанат СМАҒҰЛТЕГІ, 2022 жыл, мамыр айы

Димаш Құдайбергеннің жас қызбен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді
Ordabasy: Отбасылық шағын кәсіпкерлік ауыл дамуының басты кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу