Әйелімді ұрмақшы болдым - Ғазизхан Шекербаев
Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков жұбайы жайлы сұхбат берді. Бұл туралы ол Аман Тасығанның TalkLike жобасында айтты.
"Тағдыр солай жазған, сол қыз маңдайыма жазылған екен. Қазір өкініш жоқ. Басында шатастым ба деп ойлайтынмын. Өйткені біз үйленгеннен кейін таныса бастадық, қыр-сырын біле бастадық. Таза мінезіміз шыға бастады.
Екеуміз түсінісе алмай қалған кездерде сондай ой болды. Ақылға салып, қасымызда дұрыс адамдар кездесіп, дұрыс ақыл айтып, кейін барып қайтадан танысып, дұрыстап сөйлесіп, бір-бірімізге ұнамайтын қырларымызды айтқаннан кейін, жайлап түсінісе бастадық.
Басында қол көтермекші болған кездер болды. Еркек деген осындай болу керек екен деп әлі еркектің образын таппай жүргенде сондай ой болды.
Біздің бала кезімізде ағаларымыз қандай болды? Соған қарап, дұрыс екен деп ойладық қой. Ағаларымыз әйелдерін балағаттап, “әй, осы дұрыс” деп жүрсе, "о, ағамыз әйеліне берілмейді" деп ойлап қалдық", - дейді әнші.