Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 24 500-ге жетті
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны артты. Соңғы мәлімет бойынша кесел 24 500-ден астам адамға жұққан.
Қазір бұл дерт әлем бойынша 25 елде тіркелді.
Айта кетейік, жуырда Уханьдағы коронавирусқа шалдыққандар үшін 8 күнде салынып біткен арнайы ауруханаға науқастардың алғашқы тобы аттанды. Ол мың орынға арналған. Қазір 1600 орынға арналған екінші мекеменің құрылысы аяқталуға жақын.