«Неге ертерек айтпадың?»: өлім аузында жатқан кейуана ұлына жантүршігерлік құпияны ашты

Oinet.kz 01-02-2020 2317

Бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы таралып, көп адамның көзіне жас үйірді. Әсілінде біз ата-анамызға лайықты қамқорлық көрсетіп, тірісінде қадірін білмей жатамыз. Тіпті, туған анасы мен әкесін күтуден қашып, оларды қарттар үйіне өткізіп жіберетін перзенттер де бар. Бірақ, ата-аналар әрқашан баласы үшін уайымдап, олардың ертеңі үшін алаңдаулы болады.

4730047.jpg

Әкесі мен анасы жалғыз ұлдарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай ерке етіп өсірген болатын. Олар қартайған шақта балалары табысты кәсіпкер, айналасына сыйлы адам болып ержетті. Уақыт өткен сайын ата-анасынан жырақтап, кәсібіне көбірек көңіл аудара бастайды. Ал әкесі қайтыс болған соң анасын өз қолымен қарттар үйіне өткізіп жіберген. Мұнысын жасы келген анасына қарауға уақыты жоқтығымен түсіндірмек болады. Әуелде ол анасының қалын күнде біліп тұрмақ болған. Бірақ, сол күйі қара көрсетпей кетеді. Тек оған дәрігерлер қоңырау шалып, анасының өлім аузында жатқанын естірткен кезде ғана алып ұшып жетеді. 

Анасымен бақұлдасқан ұлы оның қандай тілегі барын сұраған. Сонда баласының жүзіне ұзақ қараған кейуана:

  — Балам, сен бұл жерге желдеткіш сатып әпер. Мұнда кейде демалу мүмкін болмай қалады. Әрі жаңа мұздатқыш сатып әпергенің жақсы болар еді. Ескі мұздатқыш дұрыс істемегендіктен тағамдар тез бұзылып кетеді. Мен кейде аш жатып жүрмін. Осы тілегімді орындашы, — дейді. Анасының бұл тілегі жігітті таң қалдырды. Ол:

— Анашым, неге мұның бәрін маған енді ғана айтып отырсың? Неге ертерек айтпадың?, — деп сұрайды.Сонда анасы:

— Балам, мен аштыққа да, ыстық пен суыққа да төзе аламын. Тек ертең сен қартайып, немерелерім сені осы жерге әкеліп тастаған кезде төзе алмай, қиналып қаласың ба деп қорқамын, — деген екен.

Анасының бұл сөзін естіген жігіттің өкініштен өзегі өртеніп, көз жасын тыя алмады. Бірақ бәрі кеш еді…

Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 24 500-ге жетті
Сені сүйетін адамды жолықтырғанда - өзіңді табасың!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу