Марқұм миллионерлер

Oinet.kz 21-12-2013 777

«Форбс» журналы тірілерді қойып, өлілерге рейтинг жасапты. Нақтырақ айтсақ, өмірден өткен, даңқы жер жарған өнер иелерінің, ғалымдардың қайсысының табысы мол екеніне зерттеу жүргізген.  Мұндай рейтингті форбстықтар алғаш рет жариялап отырған жоқ. Биылғы (2013 ж) тізімге қандай марқұмдардың енгеніне назар аударыңыз.

ba089253842925a4d7dc88caa969100e.jpg

Майкл Джексонның табысы бәрінен де асып түсіпті. Поп музыканың королі атанған әнші 2012 жылдың маусымынан  2013 жылдың маусымына дейін 160 миллион доллар қаржы тапқан екен. Тіпті биыл бай әншілердің көшін бастап тұрған Мадоннаның табысы  Майклдан 35  миллион долларға кем түседі екен.   

63af541e03046465a5ecfb407aa6f22e.jpg

Екінші орында 1977 жылы бақилық  болған әнші, актер Элвис Пресли тұр. Оның жылдық табысы 55 миллион долларды құраған. Әрине, ол кезде доллар қазіргіден құндырақ. Жетпісінші жылдары мұндай табыс екінің біріне бұйыра бермеген.

7b9d5308eb1fbf100ba4e4e97ff04fc7.jpg

Үшінші орынға суретші, карикатурашы  Чарльз  Монро Шульц жайғасыпты. Ол 77 жасында ауыр науқастан көз жұмған. Суретшілердің атақтары тірі кезінде шыға бермейді, картиналарының көбісі өлгеннен соң шедеврге айналып, аукциондарда сатылып жатады.  Алайда Чарльздің еңбектері көзі тірісінде-ақ бағаланып,  жылына 37 миллион долларға дейін тауып отырған. 

Рейтингте төртінші орындағы Американың танымал актрисасы, Голливудтың ханшайымы, «Оскар» сыйлығының үш дүркін жеңімпазы Элизабет Тейлордың да фильмдерден түскен қаржысы аз болмаған. Элизабеттің есімі тарихта талантты өнер иесі ғана емес, сомдаған бір ролі үшін миллиондап гонорар алған  әлемдегі алғашқы актриса ретінде қалды.   Ол 70-ке жуық кинофильмдерге түскен. 80-ге қараған шағында қайтыс болды.  Ал рейтингте бестікке табан тіреген әнші, музыкант, композитор, вокалшы Боб Марли небәрі 36 жыл ғұмыр кешті. Ямайкадан шыққан қара нәсілді Бобтың өмірден өткеніне көп уақыт болса да ол әлі күнге регги жанрының ең үздік орындаушысы болып келеді. 

Рейтингтің тізімге алтыншы болып көпшіліктің көзайымына айналған актриса Мэрилин Монро да еніпті.   Жетінші орында британдық рок-сазгер, әнші, композитор, суретші әрі жазушы Джон Леннон. Леннон саяси қайраткер де болды.  Ол адамдардың арасындағы теңдікті, бостандықты, бейбітшілікті жырлады. Бай атақтылардың қатарына ілінген ғалым Альберт Эйнштейннің кірісі 10 миллион доллар болған екен. Тізімнің соңында актриса Бетти Пейдж бен жазушы Теодор Гейзель бар. 

Рейтинг

1. Майкл Джексон, әнші - 160 млн $

2. Элвис Пресли, әнші, актер - 55 млн $

3. Чарльз Монро Шульц, суретші, карикатурашы - 37 млн $

4. Элизабет Тейлор, актриса - 25 млн $

5. Боб Марли әнші - 18 млн $

6. Мэрилин Монро, актриса - 15 млн $

7. Джон Леннон, әнші - 12 млн $

8. Альберт Эйнштейн, ғалым - 10 млн $

9. Бетти Пейдж, актриса - 10 млн $

10. Теодор Гейзель, жазушы - 9 млн $

Ары қарай араласудың қажеті жоқ
Төзімді жігіттің өзі шыдай алмайтын қыздар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу