Қонаққа бала ертіп барған дұрыс па?

Oinet.kz 30-03-2019 3207

Әке-шешеміз бізді бала күнімізде қонаққа, той-жиынға ертіп бара бермейтін. Таныстардың, көрші-қолаң, ағайын-туыстардың көзінше үлкендердің сөзіне араласып, дастарханға қол сұғып, жылап мазамызды алады дейтін шығар.

8740648.jpg

Қазір 2 баланың әкесімін. Мүмкіндік болса екеуін де қонаққа ертіп барғанды құп көремін. Өткен айда  Әлима әпкеміздің туған күні болып, туған-туыстар бас қостық. Жарым және екі баламды ертіп мен де бардым. Барлығымыз ойнап-күліп, тілек айтып, арқа-жарқа болып қалдық. Алайда туған күн иесіне бала-шағаның шулап, үйін аздап шашқаны ұнамады. Ары жүгіріп, бері жүгіріп өткен бүлдіршіндерге алакөзденіп қояды.  Бала болған соң бір-бірімен келіспей ұрысып қалатыны заңды ғой. Ойнап отырған біреуі  мультфильм, біреуі кино  көремін деді ме, әйтеуір тетелестер таласып қалды. Мұны көрген  Әлима әпкеміздің шыдамы таусылып,  дастархан басынан қабағын түйген күйі атып тұрып, теледидарды сөндіріп қойды. Таласып жатқан балалар, теледидардың өшкенін көріп жылап қалды. Ыңғайсыз жағдайда қалып қалған  қонақтар  әпкемізге аздап іштей ренжігенімен  білдіртпеуге тырысып, әркім өз баласын тыныштандырып әлек болды.  

Шынымды айтсам осыдан кейін тезірек үйге қайтуға асықтым.  Балалардың ойнап, шулағанында тұрған не бар екен? Өмір солардың шат күлкісімен қызықты емес пе? Қонаққа келген балаларды жақтырмау жақсы қасиет емес. 

 Олжас Қаштаев,

Шымкент қаласы

Сәкен Сыбанбай. Ауруханадағы өмір
Айгүл Бажанова балалық шақтағы естелігімен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу