Егер мен ашулансам...
Егер мен саған ашулансам, сені жақсы көрмей қалды деген сөз емес. Керісінше, бұл сенің етене жақындығыңның белгісі, менің жүрегімнен орын алғандығыңды көрсетеді.
Егер саған ашулансам, сенімен кетіскім келеді деген сөз емес. Арадағы үзілген байланысты жалғағым, дұрыстап сөйлескім, жан-жүрегіммен түсініскім келгені. Мен ашулансам, бұдан былай менімен сөйлесу бекер демегін.
Мен ашулансам, болмысым тұнық бола бастайды, менің тілегім де айқындала түседі.
Егер мен ашулансам, саған зиянымды тигізгім келеді деген сөз емес. Тек бір-бірімізге қайғы сыйламас бұрын келісіп алғым келгені.
Егер мен саған ашулансам, ол сен жамансың деген сөз емес. Сен маған ұнамайтын нәрсе жасағаныңды сезінгенім, мен тек соны ескерткім келгені.
Егер мен ашулансам, бұл менің жаман болғанымнан емес. Бұл менің шекарамды білгендігім, қандай мақсатым барын анық көрсеткенім.
Егер мен ашулансам, күшейіп, көк долы бола береді екен деген сөз емес. Сен мені естіген сәтте тоқтаймын дегенім.
Егер мен саған ашулансам, сені сыйламағандықтан емес. Сен маған шыдай алады дегенге сенгендігім. Өзімнің менімді түсіріп алмай сезімімді мейлінше анық жеткізетін сөздерді іздеп, лайық әрекет жасауға тырысамын.
Егер мен айғайласам, іштегі бұғып жатқан сезімімді сыртқа шығарғым келгені, сені кемсітіп, намысыңа тигім келгендіктен емес. Егер сенің көзіңше айғайласам, ол саған айқайлады деген сөз емес.
Егер сенің жаныңда жүріп ашулансам, саған ашуланды деген сөз емес!
Егер мен ашулансам, содан кейін әрдайым сені жек көріп, кесірімді тигізсем демеймін. Кейде жай ғана ашуландым деп айтсам да жеңілдеп қалам.
Егер мен саған ашулансам, саған басқа сезімім жоқ деген сөз емес. Егер саған ашулансам, сені бағаламаймын дегенім емес. Сені жақсы көрмей кетті деген сөз емес.
Егер мен саған ашулансам, сол ашуымды шақырған нәрсені қойып кетсін дегенім емес. Менің ашуыма бола өзгерсін дегенім емес.
Егер мен ашулансам, сенікі дұрыс емес, дереу кешірім сұрасын дегенім емес. Егер мен ашулансам, өзімді айыптап отырғаным емес.
Егер ашулансам, ол ұзаққа созылмайды. Уақытша ғана құбылыс.
Егер ашулансам, ол тәрбиемнің нашарлығын көрсетпейді. Ашулансам, мен өзімді тыңдағаным, өмірлік күшімнің бар екендігін сезінуім.
Егер мен ашулансам, өзімнің сезімімді ырықтап, болмысымды басқара алмайды деген сөз емес. Егер мен ашулансам, мен тірімін.
Аглая Датешидзе
Аударған Шынар Әбілдә