Сыпайылық
Сыпайы адамның жаны — хрусталь сынды нәзік. Олар бөгде жандарға былай қарайды – жүрегіне дақ салмайын деп өте мұқият сыйласады, жанына жара сап алмайын деп зор қамқорлық танытады. Сосын бар ғой сыпайылық сырт көзге көп байқала бермейді. Қанша дегенмен өте нәзік ұғым. Алайда мен үнемі байқап қалам. Өткенде бір кішкентай қыз маған кәмпит бергісі келді. Кәмпитін сыпайы түрде дастарханның мен отырған тұсына итеріп қойды. Сосын мен оны жесін деп бақырып-шақырып айналадағылардың назарын өзіне аударды. Мен алаңсыз кәмпит жеп алсын дегені ғой. Мен әрине онысын түсіндім. Әйбәт қыз, жаны жомарт.
Немесе бір шаштараз туралы айтайын. Бірде ол саяхатшы әйелдің шашын қиып жатып Янган тау туралы әңгіме қозғайды. Ол әйел сол тауға барған екен. Алған әсерім ерекше дейді. Сонда шаштараз одан сыпайы түрде былай сұрапты: жасыңыз сәл ұлғайғанда, жұмыстан қолыңыз әбден босағанда, сол тауға барып тұрар ма едіңіз деп. Ол әлгі әйел сол тауға барып өмірінің соңғы күндерін өткізер ме еді дегенді сұрағаны ғой. Сыпайы адам есікті ашпас бұрын ақырын тықылдатады. Телефонмен біреу сөйлесіп жатса, бөлмеден шығып кетеді. Егер біреу тамақ ішуге ұялса – онда да айтқызбай сыртқа шығып кетеді. Менің өте сыпайы бір досым бар еді. Қолапайсыз семірген, түрі ұсқынсыз көмекшісін ол: "біздің кафедрадағы аздап толықтау қыз" дейтін. Соғысға қатысқан батыр атамыз басы кетіп қалған жарымес жұмысшыны: "сәл бір түрлі жан" дейтін. Әлгі жарыместің көзін айналдырып, көзге көрінбейтін әлдекіммен сөйлесетініне сыпайы түрде мән бермейтін. Онысына шай құйып, шайына қант салатын – ал жарымес небәрі аула сыпыратын жұмысшы ғана болатын. Жай ғана адам. Сыпайылықты үйрену керек – менде үйреніп жүрмін. Өте қиын екен. Сондықтан сыпайы адамдарға мейлінше ризамын. Сыпайы болу – оңай емес. Бірақ жаныңда сыпайы кісі болса, өмір сүрген сондай жақсы.
Анна Кирьянова
Аударған Шынар Әбілдә