Александр Вампилов
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ең мықты орыс драматургтерінің бірі. Жазушының туындылары нәзік психологизм мен ұлы адамгершілікке сүйенген. Оның «Үйрек аулау», «Үлкен ұл», «Маусымдағы қоштасу» сынды қойылымдары тек ресейлік театрларда ғана емес, шетелдік театрларда да репертуардан түспей келеді.
Вампиловтың өткір сөздерінің бір парасы:
1. Біреуді жақсы көруге ниеттенсең, алдымен кешіріп үйрен.
2. Әзіл – ақылды адамның түнеру мен нас тіршілік кешуден жасырынатын панасы.
3. Бақытты адамның міндетті түрде бір міні табылады. Ел алдында ол бақытты болуымен-ақ кінәлі.
4. Әр адам туындыгер болып туған. Әрбірі өз кәсібін игереді. Әркім өз күш-қуаты мен мүмкіндігі жетерліктей шамада жақсылық жасамақ. Сонда оның бойындағы ең ізгі қасиет өзі кеткен соң да жасай бермек.
5. Байлар мен кедейлер – ескірген ұғым, алайда ақымақтар мен ақылдылар – өлмес тақырып.
6. Кім не деседе, бұл фәни - жер бетінде тіршілік еткен данагөйлердің бәрінен де ақылды.
7. Сүйіктіңді ұмыту үшін біршама уақыт керек. Сүю үшін уақыттың қажеті жоқ.
8. Рухани тоқыраудан артық тозақ жоқ. Адам тыржалаңаш, кедей болуы мүмкін, бірақ санасында бір сәулелі ойы болса, аңсаған мақсаты, алға жетелеген болмашы ғана үміті, тәтті елесі болса – бітті, ол мейлі марка жинау, не ажалға қарсы күрес болсын – ол әлі адам, оның өмірінің мәні зор.
9. Бақытсыз жан бақыттың не екенін толық әрі нақты ұғынады.
10. Нақұрыстар азаймайды – олар жетіліп отырады.
Аударған Шынар Әбілдә