Кітап оқу күйзелістен құтқарады

Oinet.kz 08-11-2019 1154

кітап оқу.jpg

Әр нәрсені ойлап, күйзеле берген кезде кітап оқу аса пайдалы дейді Оксфорд университетінің ғалымдары. Біліммен сусындау ағзаға айтарлықтай өзгеріс әкеледі дейді. Қызығы бұл тәсіл ішімдікке салынып, таза ауада серуендеп, шай ішіп, саз тыңдау сияқты әдеттегі емделуден әлдеқайда тиімді екен.

Осыны зерттеу үшін ғалымдар арнайы зерттеу жүргізген. Қатысушыларды күйзеліске душар ететін бірнеше тесттен өткізіп, бірқатар жаттығулар жасатқан. Содан кейін олар оңалудың жоғарыда келтірілген белгілі түрлерін таңдаған.

Алайда магнитті резонансты зерттеу кітап оқыған адамның миы өзгеретінін көрсетіп берген. Мысалы, иіс туралы оқығанда, адам миының осы сезу мүшесіне қатысты бөлігі қозғалысқа түседі екен. Дәл өмірдегідей. Адам бір тамақтың иісін сезген сияқты. Дегенмен, теледидар көргенде, не басқа ойын ойнағанда ми бұлай өзгермепті.

Зерттеу барысында кітап оқу күйзеліс деңгейін 68% азайтатыны анықталған. Бұлшықетті босаңсытып, тамыр соғысын бәсеңсітуге бар-жоғы алты минут жеткілікті екен. Музыка тыңдау күйзелісті 61% азайтады. Бір пиала шай немесе кофе 54% төмендетеді. Ал, жаяу серуен тек 42% күйзелісті кемітеді. Сондықтан кітап оқу кез келген күйзелісті жеңудің ең тиімді тәсілі болып қалмақ. Оның үстіне қандай кітап оқу маңызды емес. 

Шынар Әбілданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Ғалам-25
Бейдауа дерттің рухани себебі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу