Намаз тастап кетпеу үшін... (кеңестер)
09-09-2020
Мен бұл мәтінді асаулықпен күн кешетін қыздарға арнаймын.
«Гуччидің» сөмкесін ұстағаннан гөрі обсидиан білезік тағудан мән табатын қыздарға арналады. Неге басқалармен тіл табыса алмағаныңды мен білемін. Саған «басқа» керек болмағандықтан. Саған керегі – қаһарман. Сен түріктің кофесі сияқты ауыз қуыратын ащысың, басқа болуға тырыспа. Сенің болмысыңа асаулық тән, жаның еркіндікті сүйеді. Мұныңды жасырып әуре болма. Сен бәрібір басқаша өмір сүре алмайсың. Сенің о бастағы асау сұлулығың осылай жаратылған. Сондықтан сен осындайсың. Жүрегің тым жиі жараланғанын білесің. Неге сенің басқалармен махаббатың бөтен бола бергенін, әп-сәтте шаң қауып қала бергенін мен білемін. Оның жауабы өте қарапайым: саған жай жігіт керек емес, саған жаужүрек қаһарман керек. Ол қаһарман BMW рөлінде отыр ма, әлде 89 жылғы “Королланы” айдап жүр ме, ол жағы сені қызықтырмайды. Кигені жібек пе, әлде бөз бе, бәрібір, оның жұмыс ауысымы да күш-қуатына зиянын тигізбейді. Ол сенің жүрегіңе иелік ету құқына таласқан кезде сен оның өміріндегі ең басты сый екеніңді ғана түсінетін боласың. Бұл қаһарманға сенің күшің мен қуатың аса қажет. Ол сенің көзіңе қарағанда басқалар сияқты тұсау салуға тиісті асауды көрмейді, жаныңа үңілген сайын қайран қалып, тамсанумен өтеді. Онымен ойын ойнау қолыңнан келмес. Талпынба да. Сенің арбауыңа бір сәтте түсіп қалатындарға қарағанда осынысы үшін оны қаттырақ жақсы көретін боласың. Өйткені, ол үшін сен көптің бірі емес, өмір бойы күткен жалғыз махаббатысың. Сенің асаулығың оның жүрегін жаулап алады. Бірақ басқа жай жігіттерге қарағанда ол бұл қылығыңнан еш үрікпейді. Бұл жолы сен өзіңе лайық жанды жолықтырасың. Өйткені, жай жігіттер саған лайық емес. Саған көзіңдегі шуақты сенімсіздік әрі үрейімен сөндіруге талпынатын адам емес, шуақтың шұғыласына шомылатын жан керек. Саған арналған жалғыз адам – жаужүрек қаһарман. Сенің махаббатыңа лайық болу үшін оның айдаһарларды өлтіруі міндет емес. Бірақ сенің махаббатың үшін ол су кешіп, оттан да өтіп, сенің күлкіңді көру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Оның да жаны еркіндікті сүйеді, асаулығына тұсау табылмайды, азат адам, сенікіндей тағылығы бар қаһарман. Ол да сені іздеп жүр. Ол да Ғаламнан өзгеге деген махаббаты неге өшіп қала беретінін сұрап жүр. Осылай өмірден жалғыз өтем бе дейді... Сен, қарағым, оның өмірін өзгертесің. Екеуіңе ортақ жолды табу үшін әр тарапты шарлап шаршадыңдар. Сен оны жолықтырғанда – ал, ол кездесу міндетті түрде болады! – қашуға тырыспа. Жаның талай рет ауырғаны, сен басқа шешім қабылдап дағдыланып қалғаныңды білемін, бірақ бұл жолы бәрі басқаша болады. Онымен кездесуге өзіңе рұқсат бер. Екеуіңе де уақыт керек. Сенің қаһарманың өзінің жаралы жанын көріп, көргеніңнен шошып кетпейтін сені тапқанын толық сезінуі тиіс. Ол әрқашан сен жүрген жермен жүрмейді, сен де әрқашан оның қадамын бағып отырмайсың, бірақ қайда жүрсең де оның сезімі сені шарпып тұратын болады. Ай жарығына билеп тұрған қалыбыңда сүйетін болады. Жұлдыздардың сәулесіне шомылып, нұрын қанып ішкен кезіңді сүйетін болады. Рауандап атқан таңның алғашқы шапағына ілескен кезіңді сүйетін болады. Өйткені, қаһарман сені бөрінің ұлығанынан, бұлбұлдың сайрағанынан, теңіздің бүркіндісінен-ақ танып алады. Жүрекпен өмір сүретін сұлудың жаужүрек қаһарманы бар. Сол жалғыз ару ғана қаһарманын шынайы махаббатқа сендіре алады. Сондықтан, қалқам, сенімсіздігің мен қорқынышыңды ұмыт. Кезекті сарыуыз балапан баламен айырылысқан соң өмірде мән қалмады деп қиқарлануды доғар, бәріне өзім кінәлімін дей берме. Шын мәнінде жүрегіңнің түкпірінде ешқашан қорқау қасқырмен, не болмаса жуас қошқармен бақытты бола алмайтыныңды білесің. Өйткені, сен табиғи асау арусың. Сенің қаһарманың сені іздеп жүр. Берілмеймін деп маған уәде бер. Тағы да сәл-сәл күтем деші. Оған белгі бер. Айға қарап ұлы. Жұлдыздың жарығына биле. Құстармен бірге шырқа. Алау жақ. Жауынмен бірге жыла. Сәл шыдасаң болғаны... Жабайы сұлуым менің, сен іздеген махаббат, сені іздеп келеді...
Анна Демидова
Аударған Шынар Әбілдә