Жыныстық қуат

Oinet.kz 08-11-2019 909

әйел және еркек.jpg

Жыныстық қуат қарама-қайшылы принциптердің өзара әрекеттесуі – жағымды және жағымсыз, түнек пен жарық, ер мен әйелдің – көптеген болмысты сипаттайтын және психологиялық тұрғыдағы үдерістерден көрініс табады. Жер бетіндегі өмірдің өзі – әр түрлі өмір пішіндерінің арасындағы қарама-қайшылы қуаттардың мәңгілік алмасуының нәтижесі. Бұл қуаттың тән мен көңіл күй тарапында қандай көрініс беретінін жақсы білесіз. Алайда бүкіл өмір, барлық қарым-қатынас тек секске тіреліп тұрады, ақырғы нәтиже тек ләззат алу деу ағаттық.

Бір жанның екіншісіне тартылған кезде туындайтын рухани сұранысын секспен, жабайы қатынаспен салыстыруға болмайды.

Жер бетіндегі әйел мен еркек – Ғаламда күнделікті боп тұратын екі мереке. Адамдар ұлы қуаныш үшін, туындыгер ретінде өз бақытын сезінуге жаралған. Өміріңіз ойыңызға тәуелді. Мереке жылына бір рет қана деп шектеп қойсаңыз, жыл бойы күйбең тірлік кешуге тура келеді. Таңдаңыз: күнде мереке жасау не жылына бір рет қана. Жер бетіндегі қуат өзгермелі, өміріңізді күнде мерекелеуге тыйым салмаңыз. Сіздің ойдан жаңа өмір туындайды.

Әйел қуат ретінде – мереке. Оның өмірлік мақсаты сол – қуаты мен тілегін еріне сыйлау, оның іс-әрекетіне береке тілеу. Әйел деген гүл. Оны бүкіл Ғалам алақанына сап аялайды, жылытады. Ол ері мен балаларының жан жарығын жақсын, ошағының отын өшірмесін дейді. Әйел Өмір Гүлі ретінде, сұлулық пен үйлесім гүлі болып, Махаббат пен бас ию нысаны ретінде күн сайын таза, саф сыңғырлаған қуат ретінде – көз тоқтата іңкәр болуға, шын ниетпен ынтық болуға, ол үшін күресуге, қадірлеуге, сақтап, қамқор болуға әбден лайық.

Ведалық дәстүрде әйел Жер-ана ретінде бағаланады. Сондықтан әйелді көргенде ғаламдық ананы көргеніңіз. Мұндай қарым-қатынас бала күннен сіңеді. Әйелді көргенде бұл ана деген ой туады. Әйелдің аналық қасиеті өте маңызды. Мейірім, сүйіспеншілік, жан жылуы. Адамның бәрі ананың құшағында тынышталады. Себебі, ана деген – бәрінің бастауы мен соңы. Одан артық ештеңе жоқ.

Адамның жан тыныштығын сипаттайтын көптеген терминдер толып жатыр. Бұл адам өмірін таңғажайып етеді. Оның бәрі әйелдің болмысымен сипатталады. Ер адам бір өзі отбасын не қоғамды құра алмайды. Әйел Шаңырақты тудырады. Әйтпесе, бұл тек ғимарат қана боп қалады. Әйел енгенде ғана ол үйге айналады. Тек мейірім, махаббат, ананың қамқорлығы ғана ғимаратты үй етеді.

Отбасында ерлер ердің қуатын, әйел әйелдің қуатын сипаттайды. Екі қарама-қайшылы қуат қосылып, біртұтас шеңберге айналады. Отбасылық өмірді бастап, біртіндеп еркек әйелінен ғарыштық Ананы көреді... Әйел ерінен толысқан ғарыштық сананы көреді. Бірте-бірте адам ретіндегі бөлініс жойылып, екеуінің рухани байланысы ғарыштық қуатқа айналады. Яғни, отбасылық қарым-қатынас арқылы ер мен әйелдің жер бетіндегі миссиясы толық орындалады.

Кристина Хроян

Аударған Шынар Әбілдә

Басыңа не түссе де, өмірді таңда
Саған керегі жаужүрек қаһарман
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу