Белгілі әзілкеш жынысын ауыстыратынын айтты (видео)

Oinet.kz 18-03-2021 7764

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей жынысын ауыстырмақ. Әрине, ол бұл сөздерін әзіл ретінде айтқан болатын. Оның сөздерінің астарынан Денсаулық сақтау министрлігінің "жынысты тегін ауыстыру" атты қаулысына қарсылығы білініп тұр. Бұл видео zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды. 

Қайрат.jpg

- Құрметті қазақ елі мына Алексей Цойдың жаңалығы сұмдық болып жатыр. Үкімет тарапынан жынысын ауыстырамын дегендер тегін ауыстырады екен. Мен енді жазылып қойдым 14 апрель операция. Операциям сәтті шығып, 15 апрельден бастап Домбаева Райхан Әділгерейқызы болайын деп жатырмын. Қандай тамаша! Сұмдық! Айтарым жоқ! - деді әзілкеш. 

Қайрат Әділгерейдің бұл әзіліне көпшілік түрліше пікір білдіруде. 

- "Қайрат қатырасың молодец жігітсің əзілдерің күшті", "Цойдан бастау керек....олар тегін затты жақсы көреді ғой", "Қойш күлетін жағдай ма? Мұнда больницаға басымызды сұғалмай жүрсек СТРАХОВКА деп алмай жатыр ғой. 2020 марттан бастап бір жылға түгел төле деп қабылдамай жатыр ғой жамағатым-ау. Жұмыста жоқ едік ауылда Союз құлағалы жұмыс та жоқ қой кезінде оқиалмадық жұмыс жұмыс деп Ал казіргі кезде тіпті де алмайды жұмысқс 50 жастан асқаныңды айтсаң тіптті де жолатпайды ғой", "Өзі Александр,өзі Цой болса онда ол қазақты түп атасымен құртуда еш жаны ашымайиыны белгілі емес пе.Керемет жаңалық болса өз ұлтына тықпыштап осыны жасар еді де,қазақ қасқа құр қалар еді,сұмдық болған соң аямай,ашымай бізге беріп тастаған.Ал жүр енді Цойдың заңымен еркек ұрғашы ,ұрғашы еркек т.б болып" - деді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's

«Шапалақпен ұрамын деп, жағын сындырып алдым» - белгілі продюсер (видео)
«Иттің етінен жек көрем» - Сәкен Майғазиев (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу