Дұрыс қарым-қатынас
Әр жанның еркектік және әйелдік қыры болады. Бір-біріне қарама-қарсы аспектілер. Олар адамның санасы мен мінез-құлқында бір-біріне тура қарама-қайшы қасиеттерді көрсетеді. Бұл рухани деңгейде қалай көрініс табады? Мысалы, әйел заты сымбатты жігітті көрсе, не оның ырғақты дауысын естісе, жанында әйелге тән нәзіктіктің белгісі оянады. Әйел мен еркектің аурасы сәйкес келсе, ендеше олардың төсек қатынасындағы ырғағы таза Октаваға тең болады. Бұл қатынастың жабайы секске, яки оны визуализаялауға еш қатысы жоқ. Бұл бар болғаны жанның метафизикасы. Ешқандай әдепсіз қиялға орын жоқ. Жандардың осындай өзара тартылысы шабытты оятып, шығармашылыққа жетелейді. Бұл өзара әрекеттесу менталды деңгейде жүреді. Ол интеллектуалды-эстетикалық ләззат сыйлайды.
Елдің бәрі көрікті қыздар мен сүйкімді ұлдарға амал жоқ назар аударады. Алайда адам қуыс кеуде болса, жанның қарама-қайшы элементі тым-тырыс қалады. Жан тек жанды жақсы көреді, тек жанға жауап қатады. Тән бар болғаны жанның делдалы есебінде. Оның ырғағын сипаттайды. Тәнде жан болмаса, не адамдардың ырғағы сәйкеспесе, өзара тартылыс жүрмейді.
Бұл дүниеде болып жатқанның бәрі қарама-қайшылықты қуаттардың реакциясының нәтижесінде болатындықтан, әулие болудың әділ шарты - жыныстық қуатты еш зақымдап алмай, дұрыс қолдану. Мұндай кезде адамның ақылы азғындық қиялдан арылады. Махаббат қуаты шығармашылыққа, конструктивті еңбекке, қарсы жыныстағылармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға жұмсалады. Нәпсіге ермей, тәннің қалауынан бас тартатын адамдарды әулие санайтынымыз да сондықтан. Олар тән ләззатынан бас тартып, таза Рухпен өмір сүреді. Олар бізге таза, пәк, ізгі қарым-қатынастың өнегесін көрсетеді.
Мұндай адамдар некеге тұруды өз өмірін өзгенің жанымен ортақ еңбек пен шығармашылыққа жұмсау деп қабылдайды. Мұндай дұрыс қарым-қатынас жұптың рухани әлеуетін мың мәрте күшейтіп, ерлі-зайыптылардың рухани өсуін жеделдете түседі.
Кристина Хроян
Аударған Шынар Әбілдә