Мықты әйел, сен өзіңді-өзің аямасаң, сені кім аяйды?!

Oinet.kz 07-11-2019 3451

Мықты әйел.jpg

Мықты әйел боламын деп жүріп, көз жасыңды ешкімге көрсетпей, ішке жұттың.

Мықты әйел боламын деп күндіз-түні еңбек еттің, аз ұйықтадың.

Мықты әйел боламын деп көп нәрседен өзіңді-өзің шектедің.

Мықты әйел боламын деп ешқашан артқа шегінбедің,тек алға ұмтылдың.

Мықты әйел боламын деп мойныңа ерлерден де екі есе көп салмақ арттың.

Мықты әйел боламын деп өзің іштей жылап тұрсаң та , жылағанды жұбаттың, көз жасын сүрттің.

Мықты әйел боламын деп перзентің үшін басыңды тауға да,тасқа да ұрдың.

Мықты әйел боламын деп жалғыз өзің жаңа үйдің іргетасын көтердің, ішін мейірім мен жылылыққа толтырдың.

Мықты әйел боламын деп дұшпанды да кешірдің, ізгіліктің кемесінде жүзуге асықтың.

Мықты әйел боламын деп жұрттың көңілін көп тауып, өз көңіліңді аз ауладың.

Мықты әйел боламын деп өмірдің күресінде шыңдалып, қуатты бола түстің.

Мықты әйел боламын деп жүріп ешнәрседен үрікпейтін,қорықпайтын болдың.

Мықты әйел боламын деп жүріп, өмірдің мәнін терең түсініп, Аллаға жақындадың .

Мықты әйел боламын деп жүріп жүрегіңе де көп салмақ түсірдің...

МЫҚТЫ ӘЙЕЛ! Жүрегіңді сақташы!

Сен өзіңді -өзің аямасаң, сені кім аяйды?!

Фатима Забурақызының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Алданазар Жайлыұлы. Төркіндеу
Әпкелі-сіңлілі үш қыз және тағдыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу