«Ана туралы жыр» әні қалай туды?
Жамшид Шәмші атанып оның композиторлық атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртады.
- Балам, мен өмірден ерте кеттім деймін, немере сүйіп, келін көруді құдай маған бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін. Бір тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін., бақытты бол, балам.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінді. Ойланып қараса, анасы оған әлемнің жарығын силапты, осы сәтте Шәмші ерекше толқиды.. Сонда былай дейді:
- Ана мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан ұмытылмайды. Бұл 1957 жылдың 4 - қыркүйегі болатын. Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. «Ана туралы жыр» әні осылайша дүниеге келген еді.