«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
«Жұт жеті ағайынды» дегендей, рухани жұт-тоғышарлық – одан да көп, нағыз «қызыл көздің» өзі. Енді сол «ағайындарының» түр-түсі қандай? Олар: көзқарастағы тайыздық, мінездегі өзімшілдік, дүниетанымдағы дүмшелік, сезімдегі желбуаздық, сөздегі екіұштылық, ниеттегі арамдық пен ашкөзділік, көңілдегі көрсоқырлық пен пейілдегі тарлық, көкейдегі тойымсыздық, жүрістегі сұйықтық, позициядағы самарқау бейтараптық, әрекеттегі жалтақтық, қарым-қатынастағы есеп пен пайдакүнемдік, принциптегі солқылдақтық, мақсат-мұраттағы жер бауырлаған ұсақтық, сенімдегі немқұрайдылық. Осының бәрі тоғышарлық «аурудың» басты-басты симптомдары. Сондықтан да бұларға қарсы күрес азаматтық жауапкершіліктің бірден-бір негізгі шарты болуға тиіс!