Дүниетаным

Oinet.kz 07-11-2019 987

бақытты болу.jpg

Адам киген киімі үшін, таққан асыл тастары үшін, мал-мүлкі, лауазымы мен атақ-даңқы үшін ел сүйсінсе екен деп дәмеленеді. Әрине, бұл тілегі ұлғайған сайын ол адамды соқыр етеді. Адам әділдік пен дұрыстықты айыра алмас күйге түседі. Дүниеге деген ынтызарлық қуыс кеуде пенденің мансапқұмарлығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл ынтызарлықтың түбі жоқ. Күн өткен сайын үдей бермек. Әркімге бір астамсып, дандайсып қарау әдет болады. Кім көрінгенді өзінен кем санау қалыпты дүниеге айналады. Бұл мінез-құлықтың бәрі адамның «Менікі» деген өзімшілдігінен туындайды. Кейбір адамдар өзгені кемсіту үшін ақы төлеп, адам жалдаған жағдайлар да болып тұрған. Мұның алдында басын иіп, жол беруін қалап, өзінен төмен мансапқа жегіп, кемсіту үшін әдейі ақы төлеп, дегеніне жетуге тырысатындар баршылық. Мансапқұмарлықтың шыңына шығу үшін бүкіл өмірін соған арнайтындар қаншама? Қазіргі заманда адамдар жомарттықтан дүние шашпайды, тек мансапқа, атаққа қол жеткізу үшін шашылады. Атаққұмарлығы үдеген сайын өзгеге деген мейірімі кеми береді. Себебі, бар ықыласы өзінің өзімшілдігін қанағаттандыруға арналады. Сондықтан өзгенің қайғысын сезінбейтін боп алады. Мұндай өзімшілдік адам өмірін шектейді. Себебі, адамның санасын да шектеп тастайды.

Адам қолға түскен бүкіл білімді тек сенім арқылы иемденеді. Сенімін білім арқылы негіздей түссе, онда заттарға деген сенімсіздік туады. Білімі мұны түсінуге аздық етеді. Ақылы ненің не екенін дәлелдей алмай, арпалысады. Сондықтан бұрын сенгеніне білімі толысқан сайын сенімсіздік пайда болады. Құдайсыз адам деген сенімін күмәнге айырбастаған жан. Сенімсіздік жаныңды жұтатады. Тек кейде ғана нұрлы етеді. Парсының мынадай мақалы бар: «Сенімі сенімсіздікке ауысып, сосын сенімсіздігі қайтып сенімге ұласпайынша пенде хақ мұсылман атанбайды». Сенімсіздік сананың өмірді түсінуіне кедергі болады, жанға кірбің түсіреді, себебі адам ары қарай рухани жетіле алмай қиналады. Адамның тәкәппарлығы мен осыған да шүкір деуі дүниетанымын шектейді.

Хазірет Инаят Хан

Аударған Шынар Әбілдә

Өмір-ойын
Омар Хайям. 10 нақылы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу