Әділдіктің астары

Oinet.kz 07-11-2019 936

әділет.jpg

Бұл фәниде не нәрсенің де екі жағы болады. Бір-біріне қарама-қарсы жақтар. Сол екеуінің ортасында жүздеген басқа қарсылықтар. Қарсылық тек екеу болса, бұл өмірді қатты жеңілдететін еді. Тек ақ пен қара қалар еді. Әр адамның мақсаты – осы кесіндіден өз нүктесін тауып, өз өміріне мейлінше көбірек қуаныш енгізу. Себебі, ұсақ-түйек деген ең көрнекі мінездеме. Барлық тарапта солай. Кейде адамдар «Құдай ұсақ-түйектен басталады» деп өмірде маңыздының бәрі ұсақ-түйектен басталатынын меңзейді.

Кейде ақ – аппақ болатынын, оны ештеңемен шатастырып алмайтындай көреміз. Ал қара... Ол көк те, қызыл да емес қой... Қара деген бірден түсінікті. Жақсылық пен жамандық та солай оңай деп ойлаймыз... Олардың арасында көзге байқалмас шек бар екенін байқамаймыз.

Мәселен, әділ болу... Бір қарағанға, мақтаулы қасиет. Өнегелі іс. Әділ болу – қайсарлықты талап етеді ғой. Көзге көрінбес шек... Соның ар жағына қарасаң – тасжүректік пен өзімшілдік тұр. «Сен нәзік емессің», «Қолыңнан түк келмейді» деу – әділдік емес, бұл манипуляция. Оның мақсаты – басқа адамның өзін бағалауын төмендету.

Яки, махаббат... «Сені сүйем» - ғажап, жарқын сезім. Әлемнің кеңдігін көрсетіп, санаспай өмір сүруді сездіреді. Көзге көрінбес шектен ары қарасаң... «Мен сені сүйем ғой», сондықтан жаныңа жара сала алам. Осы сөз көтере алатынның бәрін жасай алам. Сен маған не міндетті екеніңді мен шешем. Себебі, мен сені сүйем ғой дегенге саяды.

Қамқорлық... Қамқорлық жоқ болса, бірден сезіледі. Басқа бір адам сен үшін бірдеңе жасағаны соншалықты жағымды. Көзге көрінбес шектен ары қарасаң... Қадағалау мен шектеу. Мойныңа қыл шылбыр салу.

Қабылдау... Тамаша дүниетаным. Басқа адамның ырым-тыйымынан тыс еркіндік, кеңдік... Көзге көрінбес шек... Ар жағы – немқұрайлылық... Қандай болсаң, ондай бол. Маған бәрібір.

Әлемді бағаламай тану... Ғажап. Рухани жетілудің биік шыңы. Сол шыңға шықтым деп есептеген сәтте ар жаққа өтесің. Онда басқаның бағамдауына ұрынасың. «Неге өмірді өзіңнің ойыңмен шектей бересің осы?» дейді ол.

Жақсы мен жаман, жарық пен түнектің ортасында шыңырау жоқ. Бөлетін сызық та жоқ. Мөлдір шек бар. Сезілетін. Өтуге болатын. Бах! – дейсің де ар жаққа өте шығасың. Ал санаң соны байқамай қалады.

«Әділдік үшін күрескен періштенің езуіндегі көбіктен сайтан жаралады» .

© Торнтон Уайлдер

Лилия Ахремчик

Аударған @shinarabelda

Мүмкіндік
Бауыржан Момышұлы берген бата
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу