Мүмкіндік
Дзен ұстаз шәкіртіне садақтан оқ атуды үйретіп жатады. Шәкірті бірден екі жебені алады. Алайда ұстазы жанына келді де, бір жебесін тартып алып, шетке лақтырып жібереді.
-Неге екінші жебені тартып алып қойдыңыз, ұстаз? – деп сұрайды шәкірті.
- Мен сенен екінші емес, бірінші жебеңді тартып алып қойдым. Себебі, ол бәрібір нысанға тимес еді.
- Неліктен? – деп таң қалды шәкірт.
- Себебі, бірінші жебені атқанда, тағы бір жебе бар, екінші мүмкіндігім бар деген ой кесе көлденең тұрар еді, - депті ұстазы.
Аударған Шынар Әбілдә