Етене жақындық манифесті
07-11-2019
Білесің бе, етене жақындық деген ортақ арман, таң атқанша әңгімелесу ғана емес. Кейде тіпті төсек қатынасы да емес.
Етене жақын болу деген – оның алдында созылып кеткен көйлекпен, дудыраған шашпен отыруың, ал ол сенің шоколадтан аймандай болған бетіңе қарап, сен ғажапсың дейтіні.
Етене жақын болу деген – дүкен аралай жүріп ортақ асүй қай түс, кіреберістегі шкаф қандай болатынын әңгімелеу.
Етене жақын болу деген – ата-анаң қоңырау шалып, сені ала алмай, оған хабарласатыны.
Етене жақын болу деген – түнгі екіде оның иығына басыңды қойып ұйықтап бара жатып, бүгін сатып алған жаңа стақандардың этикеткасы алынбағанын еске түсіріп, соны түзеу үшін бірге асүйге бару.
Етене жақын болу деген – бір-біріңнің бір түрлі мінездерің мен әдеттеріңді жетік білу, әрбір ұсақ-түйекке елең етіп, таң қала білуің.
Етене жақын болу деген – бәрі көзіңнен көрініп тұрғанда «ештеңе болған жоқ» деуің, оның үнсіз түсінгеніне разы болу.
Етене жақын болу деген – бұған дейін жек көрген жыл мезгілдерін аяқ астынан жақсы көріп кетуің.
Етене жақын болу деген – бірге таңғы ас ішу.
Етене жақын болу деген – он үшінші қабаттан төмен қарай елдің бәрін қағып-соғып, тек оны күттірмес үшін асығу.
Етене жақын болу деген – түн ішінде көрген жаман түсіңді айтып беруге қорықпау.
Етене жақын болу деген – екеуіңе де жарасатын түсті жақсы көру.
Етене жақын болу деген – бірге көретін сайқымазақ шоуларды жалғыз көрмеу.
Етене жақын болу деген – таңдау жасау: шаршағаннан не үйде, не оның құшағында өлу. Әрқашан екіншісін таңдау.
Етене жақын болу деген – дастархан басында топты адамның ортасында отырып қол ұстасу. Әрқашан қол ұстасып өту.
Етене жақын болу деген – бір-біріңнің көзіңе тура қарап, бәрін түсіну.
Ары қарай жаза берейін десем, жеткілікті сияқты. Онымен басы бүтін, толықтай үйлесімде өмір сүрсең, бұл етене жақындық.
Етене жақын болу деген – сияқтыдан да жақын болу.
Анна Йотко
Аударған Шынар Әбілдә