Ібілістен хат

Oinet.kz 06-11-2019 1202

Screenshot_4.jpg

Сені кеше күнделікті істеріңмен айналысып отырғаныңды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күн өткіздің. Тіптен тамақты жеп болып, жатар алдында да шүкір етпей жаттың.

Өте пәс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды, бірақ сені әлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Аллаһты ұнатпағаным үшін жек көремін.

Аллаһ мені жәннаттан қуғаны үшін сені қолданамын. Сені қолданып, Аллаһтың маған жасағандарын қайтарып алғанға дейін қолданамын.. сосын жоқ болып кетсең де бәрібір.

Білемісің ақымақ, Аллаһ сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бәрін қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді бытшыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаһқа ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екенімді Аллаһқа сенің арқанда көрсетемін.

Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат жасағанымыз, жынды-жынды дискотекаларға баратынымыз, ұрлық жасайтынымыз, есіңде ме қалай екі жүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткенімізді, өтірік айтқандарымызды, арақ-шарап ішкенімізді.. мешітке бармайтынбыз, намаздан қашатынбыз… Осылардың бәріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді, ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық!

Бұл хатты саған қаншалықты мән бергенімді айту үшін және өміріңнің үлкен бөлігін маған сыйлағаның үшін алғыс айту үшін жазып отырмын. Ақымақ, саған күлкім келеді. Жасағандарың менің өзіме жиеркенішті келеді. Сен осы жолыңнан тайма. Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті, мешіт орнына дискотекаға жол көрсет. Жастардың қасында сен осылардың бәрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар електеуіш қой.

Ал, әзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундтан кейін қасыңа қайта ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тәуба етіп, қалған бірнеше жылдық өміріңді Аллаһтың қасында өткізуге тырысар едің. Біреуге ақыл айту жаратылысымда жоқ нәрсе, бірақ сені танимын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның әлі де күнәлардан арылмай жүргені ақымақтық болса да. Мені дұрыс түсін, сені әлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең, осы хатым жайлы ешкімге айтпа. Өлім бізді қосқанға дейін…

Қазіргі уақыт
Арман Сқабылұлы. Жаңа жылдық монша және жездем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу